Қытайдан 585 млн теңгенің тауарын заңсыз әкелгендердің жолы кесілді

8 Сәуір 2022, 20:12
1657
Бөлісу:
Қытайдан 585 млн теңгенің тауарын заңсыз әкелгендердің жолы кесілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржылық мониторинг агенттігі жалпы құны 585 миллион теңге болатын тауарды Қытайдан экономикалық контрабандалық жолмен әкелу дерегін анықтады, деп хабарлады Zakon.kz.

Қаржылық монитринг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті қалалық прокуратурамен бірлесіп Қытайдан халық тұтынатын тауарларды аса ірі көлемде экономикалық контрабандалық жолмен әкелу фактісін анықтады. ҚР Қылмыстық кодексінің 234-бабы 2-бөлігінде көзделген экономикалық контрабанда фактісі бойынша «TDA Companies Group» ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары тіркелді, – делінген ҚР ҚМА баспасөз қызметі хабарламасында.

Ведомствоның мәлімдеуінше, кәсіпорынның барлық операциялық жұмыстарын осы ЖШС директоры жүргізіп келген.

Қытайдан Еуразиялық кеден одағының кедендік аумағына заңсыз тасымалданған тауарлардың жалпы құны 585 млн теңгеден асып отыр. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша бюджетке төленетін сома – 125 млн теңгеден асады, – делінген ҚР ҚМА баспасөз қызметі хабарламасында.

Сондай-ақ ҚМА баспасөз қызметі 31 наурызында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты ЖШС директорына қатысты 2 ай мерзімге «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция бергенін атап өтті.

Қазір таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы