Қытайда Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды

18 Қараша 2023, 22:44
721
Бөлісу:
Қытайда Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды
Фото: gov.kz

Қытайдың астанасында Қазақстанның туристік әлеуеті бойынша роуд-шоу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Роуд-шоуды Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің қолғабысымен Астана мен Шымкент қалаларының туризм басқармалары және «Kazakh Tourism «ҰК» АҚ ұйымдастырды.

Елшіліктің кеңесші-уәкілі Асқар Шалқарбаев өзінің ашылу сөзінде екі елдің халықтары үшін байланыстырушы буын болған ежелгі «Жібек жолы» заманынан бері қалыптасқан Қазақстан мен Қытайдың тарихи байланысын атап өтті. Қазақстанның туристік саласын дамыту жөніндегі саясаты мен жетістіктерін таныстырып, қытайлық туристерді Қазақстанға тарту жөніндегі жұмысты жандандыруға шақырды.

Қытай туристік қызметтер қауымдастығының Президенті Ду Сяньчжун өз сөзінде Қазақстан Батыс пен Шығыс арасындағы табиғи көпір бола отырып, орасан зор туристік әлеуеті мен таң қалдыратын көрістері бар екенін атап өтті. Сонымен қатар, өзара визасыз режим екі елдің туристік іс-қимылына және туристік ағындардың ұлғаюына жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

kaz.people.cn-нің хабарлауынша, көрмеге әлемнің 50 елінен және аймақтарынан 210-нан астам экспонент қатысты. Қазақстан Республикасының Қытайдағы Елшілігінің қолдауымен көрмеге Қазақстанның барлық өңірінен 25 ірі туристік компания қатысты. Осы ауқымды көрме аясында 15 қараша күні кешке Бейжің қаласында «Астанаға қош келдіңіз!» атты роуд-шоуы және Қытай мен Қазақстан туристік компанияларының B2B-кездесулері өтті. Оның барысында жергілікті туристік қоғамдастықтың қазақстандық туроператорлармен және әуекомпаниялармен келіссөздері өтті.

Өзгелердің жаңалығы