Қытайда омикронның тағы бір түрі ВА1.1 анықталды

4 Сәуір 2022, 10:55
1698
Бөлісу:
Қытайда омикронның  тағы бір түрі ВА1.1 анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясында омикрон коронавирус штамының жаңа ВА1.1 қосалқы түрі табылды. Ол 28 наурызда COVID-19 жеңіл белгілері бар науқастан анықталды.

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Мамандар егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін қосымша зерттеулер жүргізді. Бұл түр омикрон-штамының ВА.1.1 -дан туындағаны белгілі болды. Бұл нұсқа Қытайдың басқа жерлерінде тіркелмеген. COVID-19 жаңа вариациясын анықтау туралы тұжырымдар вирусологтардың бұрыннан бар геномдық деректер банкінде жоғары гомологиялық генетикалық тізбекті анықтай алмағаннан кейін пайда болды. Жаңа кіші түрлерін зерттейтін сарапшылардың бірі ұқсастықты 99 пайызға жоғары деп санауға болатындығын, алайда генетикалық реттілікпен нуклеотидтердің айтарлықтай айырмашылығы болуы мүмкін екенін айтты. 

Өзгелердің жаңалығы