Қытайда мәдени мұраны қорғау бағдарламасы іске қосылды

14 Маусым 2020, 15:40
1783
Бөлісу:
Қытайда мәдени мұраны қорғау бағдарламасы іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың ең ірі медиа ойыншыларының бірі China Media Group (CMG) мәдени мұраны қорғауды насихаттаудың үш айлық бағдарламасын іске қосты, деп хабарлады Синьхуа агенттігі.

Іс-шара ұлттық мәдени және табиғи мұраны қорғау күніне орайластырылған. 

Бағдарлама мәдени мұраның ұлттық әкімшілігімен (NCHA) бірлесіп жүзеге асырылады. Оның аясында түрлі мұра нысандары ұсынылып, интернетте қысқаметражды бейне арқылы оларды қорғау насихатталады.

Айта кетейік, CMG мобильдік қосымшасында осы тақырыпқа арналған бес сағаттық шоу ұсынылды. Тақырыптық офлайн-іс-шаралар өткізілді. Сондай-ақ NCHA-мен бірге түсірілген "әрбір қазына тарихты баяндайды" деректі сериалының жаңа маусымы іске қосылды.

Өзгелердің жаңалығы