Қытайда күннің күрт суытуына байланысты «көк» деңгейдегі ескерту жарияланды

17 Желтоқсан 2022, 12:42
1242
Бөлісу:
Қытайда күннің күрт суытуына байланысты «көк» деңгейдегі ескерту жарияланды

Сенбі күні Қытайдың Ұлттық метеорологиялық орталығы Қытайда күннің күрт суытуына байланысты «көк» деңгейдегі ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қытайдың Ұлттық метеорологиялық орталығының болжамына сәйкес, сенбі күні сағат 08:00-ден жексенбі күні таңғы сағат 08:00-ге дейін Қытайдың оңтүстігіндегі кейбір аудандарда ауа температурасы 6-8 градус Цельсийге төмендейтіні күтіліп отыр.

Юньнань және Фуцзянь провинцияларының кейбір аудандарында ауа температурасы Цельсий бойынша 10 градустан астам төмендейді. Сондай-ақ Шығыс және Оңтүстік Қытайдың кейбір теңіз аймақтары мен жағалау аймақтарында қатты жел соғады деп күтіліп отыр, - деп жазды Синьхуа ақпарат агенттігі.

Қытайда қолайсыз ауа райы жағдайлары туралы ескертудің төрт деңгейлі жүйесі қабылданды, онда қауіптіліктің ең жоғары деңгейі қызыл түспен, одан кейін қызғылт сары, сары және көк түспен белгіленеді.

Өзгелердің жаңалығы