Қытайда ковид жұқтырғандар саны артты: Ауруханада орын жоқ

23 Желтоқсан 2022, 22:06
1158
Бөлісу:
Қытайда ковид жұқтырғандар саны артты: Ауруханада орын жоқ

Үндістан билігі азаматтарды тағы да ковид шектеулерін сақтап, бетперде киюге шақырды. Көрші Қытайда вирустың өршуінен Үндістан билігі сақтануға кірісті, деп хабарлайды BAQ.KZ  ВВС жаңалықтарына сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, соңғы апталарда жаңа ковид-19 толқынының таралуына байланысты Бейжіңдегі және Қытайдың басқа қалаларындағы ауруханаларда орын жоқ.

Қытай билігі ауру саны салыстырмалы түрде төмен екенін айтады, ал ДДҰ төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Майкл Райнның айтуынша, Қытайдағы реанимация бөлімшелері тез толып жатыр.

Осыған байланысты көршілес Үндістан билігі тұрғындарды қайтадан бетперде киіп, пандемия кезінде ұсынылған ережелерді сақтауға, сондай-ақ сақтық шарасы ретінде вакцинаның күшейткіш екпесін алуға шақырды.

Қытай алғаш рет елге шетелдік вакцинаны жеткізуге рұқсат берді - сәрсенбіде германиялық Pfizer/BioNTech бірінші партиясы келді.

Өзгелердің жаңалығы