Қытайда ғасырға жуық тарихы бар көпір өртеніп кетті

8 Тамыз 2022, 11:27
1429
Бөлісу:
Қытайда ғасырға жуық тарихы бар көпір өртеніп кетті

Қытайда 900 жылдан астам тарихы бар ең ұзын ағаш көпір Ваньань өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

ТАСС агенттігі таратқан мәліметтерге сәйкес, өрт салдарынан көпір толықтай қираған. Көпір Фуцзянь шығыс провинциясындағы Пиннань уезінде орналасқан болатын. Өрт кешқұрым басталған. Қазіргі уақытта тілсіз жау толықтай ауыздықталды, зардап шеккендер жоқ. Өрттің себептері анықталып жатыр. 

Айта кетерлігі, көпірдің жалпы ұзындығы 98,2 метрді, ені – 4,7 метрді құраған болатын. Ол 917 жыл бұрын Сун әулеті басқарып тұрған кезеңде салынған. Өрт 1742 жылы тағы бір рет өртеніп, ол уақытта қайта қалпына келтірілген екен. 2006 жылы ол ұлттық деңгейде қорғалатын нысандар тізіміне кірген. Көпір Қытайдағы ең ұзын ағаш көпір болып саналған. 

Өзгелердің жаңалығы