Қытайдың оңтүстік-шығысында орналасқан Цзянси провинциясында ғалымдар әлемдегі ең кішкентай динозаврдың жұмыртқасын тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ stdaily.com сайтына сілтеме жасап.
Бұл жәдігер жойылып кеткен тіршілік иелерінің эволюциясын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Табылған динозаврдың жұмыртқалары өте кішкентай, олардың қабығы жұқа болып келеді. Бұрын табылған қазбалардан өзгеше деп сипаттайды ғалымдар.
Бұған дейін Қытайда табылған ең кішкентай динозавр жұмыртқасының өлшемі шамамен 45,5×40,4×34,4 мм болатын. Ал табылған жұмыртқаның ұзындығы 29 мм, — деп мәлімдеді Цзянси провинциясының геологиялық барлау институтының басшысы Лу Фашенг.
© Фото : Jiangxi Geological Survey and Exploration Institute
2021 жылы Лу Фашенг басқарған зерттеушілер тобы Ганьчжоу қалалық округінде жұмыртқалардан тұратын ұяны тапты. Үш жылдан кейін бұл ашылым ресми түрде расталды. Зерттеу нәтижелері Historical Biology журналында жарияланды. Табылған жұмыртқалар бор (мезозой кезеңі) кезеңінің соңғы дәуіріне жатады, яғни олар 80 миллион жылдан астам уақыт бұрын пайда болған.
Біз бұл жұмыртқалар кішкентай теропод-динозаврдан шыққан деп есептейміз, — деді Қытай геологиялық ғылымдар университетінің доценті Хан Фэнлу.
Ғалымдардың айтуынша, бұл ашылым тероподтардың бор кезеңінің соңғы дәуірінде қалай дамып, көбейгенін түсінуге үлкен үлес қосады.