Қытай соты Ақжарқын Тұрлыбайдың үкімін өзгеріссіз қалдырды

27 Желтоқсан 2019, 14:37
7947
Бөлісу:
Қытай соты Ақжарқын Тұрлыбайдың үкімін өзгеріссіз қалдырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гуанчжоу соты Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2019 жылғы 27 желтоқсанда Гуанчжоу сотында есірткі заттарын тасымалдау ісі бойынша айыпталған Қазақстан Республикасының азаматы Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот үкімі жарияланды. Қытай соты өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы үкімді өзгеріссіз қалдырды - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Сот отырысына адвокаттар мен Қазақстанның ҚХР-дағы Елшілігінің консулы қатысты. Сот үкімі 10 күн өткен соң күшіне енеді.

Атап өтсек, Қытайда жазасын өтеп жатқан Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы Зухра Сейтімова президентке хат жазып, қолдау сұраған болатын.

Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Қытайда есірткі контрабандасымен ұсталды. Дегенмен, ол өз кінәсін мойындаған жоқ. 2015 жылы Ақжарқын Тұрлыбай сотталды. Ал 2016 жылы үкімнің күші жойылып, іс қайта қарауға жіберілді.

Біз осыған дейін Ақжарқынның түрмедегі өмірі жайлы хабарлаған едік.

Өзгелердің жаңалығы