Қытай Қазақстанға қолдау көрсетуге дайын. Си Цзиньпин еліміздегі тәртіпсіздік туралы айтты

25 Қаңтар 2022, 14:54
1173
Бөлісу:
Қытай Қазақстанға қолдау көрсетуге дайын. Си Цзиньпин еліміздегі тәртіпсіздік туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚХР төрағасы Си Цзиньпин дипломатиялық  қатынастардың 30 жылдығына арналған «Орталық Азия – ҚХР» атты саммитінде айтты. 

Қазақстанда болған соңғы тәртіпсіздіктерден айтарлықтай шығын мен жәбір көргендер болды. Біз Қазақстанның көршісі мен жақын досы ретінде аталған мәселелерді шешіп, тұрақтылықты орнатуға бағытталған Қазақстанның бастамаларын қолдаймыз. Сондай-ақ Қытай Қазақстанға қажетті қолдау көрсетуге дайын, - деді ол. 

Си Цзиньпин Қазақстан халқын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен жарқын болашақ күтіп отырғанын айтты. 

Шараға Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің Мемлекет басшылары қатысып жатыр. 

Онлайн форматта өтетін жиынға Қытай тарапы бастамашы болды. 

 

Өзгелердің жаңалығы