Қытай полициясы үш адамды кепілге алған күдіктіге оқ атты

13 Қаңтар 2020, 15:23
2160
Бөлісу:
Қытай полициясы үш адамды кепілге алған күдіктіге оқ атты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Монғолия автономды ауданының полициясы үш адамды кепілдікке алған қаруланған адамды атты. 

Бұл туралы Синьхуа агенттігі жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға жексенбі күні таңертең сағат 11.00-ге қарай Хух-Хото қаласында болған. Қолдан жасалған қаруды ұстап алған ер адам үш адамды кепілдікке алған. 
Күдікті кепілге алған адамдарды "атамын және жарып жіберемін" деп қорқытқан. Сағат 19.15-ке қарай полиция оқ атып, күдіктіні өлтірді. Құқыққорғау органдарының қызметкерлері жарылғыш затты залалсыздандырды. Кепілге алынған адамдар аман, - делінген хабарламада.

Күдіктінің неліктен бұлай жасағаны туралы ақпарат жоқ. Тергеу жүріп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы