Қытай полицейлері есірткіні тиінмен іздейтін болды

18 Ақпан 2023, 15:02
887
Бөлісу:
Қытай полицейлері есірткіні тиінмен іздейтін болды
Фото: vb.kg

Қытайда тиін есірткі іздейтін болды. Мамандардың айтуынша, тиін де ит сияқты тыйым салынған заттарды анықтай алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Daily Mail басылымы тиін көлемінің кішкентай болғаны есірткі іздеу жұмысында өте маңызды екенін жазады. Өйткені олар қуыстарға жасырын кіруге қабілетті: мәселен, жасырын жерлердегі, қоймалардағы, биік жерлердегі қуыстар.

Тиіндер бригадасы есірткі табылған кезде тырнап, белгі береді.

Жаттықтырушылар тиіндерді бұл деңгейге жеткізу үшін жылдар қажет болғанын, бірақ олар «жұмысты тамаша атқарғанын» айтты. Сондай-ақ мамандар тиін иісті жақсы сезетінін атап өтті.

Тиін – иіс сезу қабілеті қоғам қажетіне қолданылатын алғашқы кеміргіш емес. Он жылдан бері бомбалар іздеу және залалсыздандыру жұмысына егеуқұйрықтар тартылып келеді.

Өзгелердің жаңалығы