Қытай мен Қазақстан шекарасы уақытша жабылады

1 Қазан 2022, 03:15
2723
Бөлісу:
Қытай мен Қазақстан шекарасы уақытша жабылады

Мемлкеттік кірістер комитеті 1-3 қазан аралығында Қытаймен арадағы шекара жабық болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қытай Халық Республикасының құрылған күнін мерекелеуіне байланысты 1 қазаннан бастап 3 қазанға дейін қазақ-қытай шекарасындағы автомобильді өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктердің өтуі жүзеге асырылмайтынын хабарлайды, – делінген ақпаратта.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штатты режимде жұмысын жалғастырады.Ведомство, тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршрутын алдын ала жоспарлау қажет екенін ескертті.

Өзгелердің жаңалығы