Қытай мемлекеттік құрылтай өткізуге қалай дайындалып жатыр?

12 Қазан 2022, 12:43
1571
Бөлісу:
Қытай мемлекеттік құрылтай өткізуге қалай дайындалып жатыр?
PHOTO
Фото: автордан

16 қазан күні Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының ХХ мемлекеттік құрылтайының жұмысы басталады. Бұл туралы Baq.kz тілшісі хабарлады.

Қытай Коммунистік партиясының ХХ съезінің басталуына санаулы күн қалды. Бүгінгі күні Қытай елдегі ең маңызды тарихи оқиғаның басталуына қызу дайындық жүргізіп жатыр.

Қытай мемлекеттік құрылтай өткізуге қалай дайындалып жатыр?
Қытай мемлекеттік құрылтай өткізуге қалай дайындалып жатыр?

Қытай халықаралық баспасөз орталығының бағдарламасына қатысып жатқан шетелдік журналистер мемлекеттік құрылтайға қатысады. Бүгін БАҚ өкілдері Қытай Коммунистік партиясының (ҚКП) 20-шы съезіне орай ұйымдастырылған Бейжің көрме орталығындағы партия жетістіктерін дәріптейтін «Жаңа дәуірге қадам» атты көрмені тамашалады.

Қытай мемлекеттік құрылтай өткізуге қалай дайындалып жатыр?
Қытай мемлекеттік құрылтай өткізуге қалай дайындалып жатыр?
Қытай мемлекеттік құрылтай өткізуге қалай дайындалып жатыр?

Журналистер құрылтайға медиа орталықтан қатысады. Мұнда БАҚ өкілдері үшін қажетті жағдай жасалған. Орталық интернет, компьютер сияқты қажетті техникалармен қамтамасыз етілген.

Қытай мемлекеттік құрылтай өткізуге қалай дайындалып жатыр?

Сонымен қатар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мақсатында ғимараттағы барлық қызметкер қатаң түрде маска режимін сақтайды.

 

Қытай мемлекеттік құрылтай өткізуге қалай дайындалып жатыр?

БАҚ өкілдерінің әрқайсысының жұмыс орны вирусты таратпау мақсатында арнайы қоршау арқылы бөлінген.

Қытай мемлекеттік құрылтай өткізуге қалай дайындалып жатыр?

Сонымен қатар БАҚ өкілдері ғимарат алдындағы медициналық пункте күніне бір рет ПТР тестін тапсырады.

Айта кетейік, алдағы съезд жұмысына қатысу үшін Қытайда 2 296 делегат сайланды. Сайланған өкілдердің «жоғары идеялық-саяси қасиеттері» және «Коммунистік партияның көрнекті мүшелері» екендігі атап өтілген болатын.

Қытай мемлекеттік құрылтай өткізуге қалай дайындалып жатыр?

Қытай ҚКП ОК Саяси Бюросы ҚКП-ның ХХ ұлттық съезінің аса маңызды болатынын атап көрсетіп, іс-қимыл жоспарлары мен негізгі саяси нұсқауларды әзірлеу, халықтың жалпы әл-ауқатының артуына ықпал ету, партиялық құрылысты жаңа ұлы бағдарлама ретінде ілгерілету, адамзаттың біртұтас тағдыры қауымдастығын қалыптастыруға жәрдемдесу, модернизацияланған Социалистік мемлекетті жан-жақты құру үшін күресу және қытай ұлтының ұлы жаңғыру процесіне жәрдемдесу қажеттігін атап өтті.

Қытай мемлекеттік құрылтай өткізуге қалай дайындалып жатыр?

Коммунистік партия Қытай Халық Республикасынан 28 жылға үлкен, партия 1921 жылы, ал ҚХР 1949 жылы құрылды. Қытай Коммунистік партиясы өзінің 101 жылдық тарихында 50-ден астам адам тұратын шағын орталықтардан 1,5 миллиардқа жуық халқы бар елдегі барлық процесті бақылайтын алпауытқа айналды. ҚКП саны 2022 жылғы жағдай бойынша 96,7 миллионнан асты.

Бүгін Қытай Коммунистік партиясының ХХ мемлекеттік құрылтайының жаңалықтар орталығы іске қосылып, қызметін бастады.

Қытай мемлекеттік құрылтай өткізуге қалай дайындалып жатыр?
Қытай мемлекеттік құрылтай өткізуге қалай дайындалып жатыр?
Қытай мемлекеттік құрылтай өткізуге қалай дайындалып жатыр?

Еске сала кетейік, елімізде 6 қазан күні AMANAT партиясының кезектен тыс XXIV съезі өткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы