Қытай мектебінің Қазақстан мектебінен айырмашылығы неде?

3 Қазан 2022, 11:25
9194
Бөлісу:
Қытай мектебінің Қазақстан мектебінен айырмашылығы неде?
PHOTO
Фото: автордан

Мемлекеттің дамуы үшін білім беру жүйесінің маңызы зор. Себебі болашақ білімді жастардың қолында, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Елімізде соңғы жылдары білім саласында ауыз толтырып айтарлықтай оң өзгерістер болып жатыр. Бес күндік оқу аптасы, мұғалім мәртебесі, оқушылардың мектептегі қауіпсіздігі және т.б.

Өздеріңіз білетіндей, жаңа 2022-2023 оқу жылы басталғалы бір айдан аса уақыт өтті. Онымен қоса еліміздің педагогтері кәсіби мереке - Мұғалімдер күнін атап өтіп жатыр. Ұстаздық етіп жүрген барша мұғалімді мерекемен құттықтаймыз. 

Қытай мектебінің Қазақстан мектебінен айырмашылығы неде?

Бүгінгі мақаламызда Қазақстан мен Қытайдың білім жүйесін салыстырып көреміз. 

Қытай туристерді бай мәдениетімен, тарихымен ғана емес, сонымен қатар білімімен де қызықтырады. Өйткені көп ата-ана баласын техникасы да, экономикасы да дамып тұрған елге оқуға жіберуді ойлайды. Десе де Аспан асты елінің білім беру жүйесі несімен ерекшеленеді? Оқып көрейік.

Қытай мектебінің Қазақстан мектебінен айырмашылығы неде?

Қытай халықаралық баспасөз орталығының бағдарламасына қатысып жатқан Орталық Азия елдері журналистері Бейжіңдегі жекеменшік халықаралық бастауыш мектепте болды. Онда білім ордасының тынысымен танысып, қытайлық бастауыш сынып оқушыларымен тілдесіп көрдік. Жекеменшік мектеп туралы айтпас бұрын, алдымен көрші елдің ұлттық мектептерінің жайымен танысып көрейік. 

Қытай мамандары бүгінде бүкіл әлемде ғылым мен техника салаларында жетекші орындарды алады. Ал бұған қытайлықтар тәрбие мен оқыту жүйесінің арқасында қол жеткізіп отыр. Себебі Қытай мектебі оқушыларға тек білім беріп қана қоймайды, олардың бойларында бәсекеге қабілетті жағдайда жұмыс істеу және өмір сүру қабілетін қалыптастырады.

Қытайдағы білім беру жүйесі қалай жұмыс істейді?

Қытай мектептерінде оқу 12 жылға созылады және ол 3 кезеңге бөлінеді:

- Бастауыш мектеп (6 жыл);

- Орта мектеп (3 жыл);

- Жоғары мектеп (3 жыл).

Қытай мектебінің Қазақстан мектебінен айырмашылығы неде?

2008 жылдан бастап Қытай билігі мектепте міндетті 9 жылдық тегін оқытуды бекіту туралы шешім қабылдаған. Қалған соңғы үш сыныпта оқуды жалғастыруды ата-аналар мен оқушылардың өздері шешеді. Яғни 9 сыныпта міндетті тегін білім алса, соңғы 3 жыл ақылы және ол жоғары оқу орнына түсетіндерге арналған. Ал біздің елімізде жалпы білім мектептерде 11 жылдық оқу жүйесі жұмыс істейді. Сондай-ақ қазақстандық балалар 11-сыныпты аяқтағанша мемлекеттік мектептерде тегін оқиды.

Қытайда оқу 2 тоқсаннан тұрады. Бірінші семестрдің сабақтары 1 қыркүйектен басталады, екінші семестр 1 наурыздан басталады. Жазда демалыс шілде мен тамызда, ал қыста қаңтардың ортасы мен ақпанның ортасы. Яғни оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, маусымда аяқталады. 

Қытай мектебінің Қазақстан мектебінен айырмашылығы неде?

Естеріңізде болса, біздің елімізде де сарапшылар оқу жылын ұзартуды ұсынған еді. Олар төртінші тоқсанды 20-25 маусымға дейін созып, оқуды 20 тамызда бастауды ұсынған еді. Оқу-ағарту министрлігі мамандардың ұсынысына зерттеу жүргізіп, өз шешімін мәлімдеген болатын.

Жұмыс тобы оқу жылының басталу мерзімін өзгертпей, оны бұрынғыдай 1 қыркүйекте қалдырып, оқу жылының аяқталу мерзімін 31 мамырға белгіледі. Осылайша, каникулға шығудың айырмашылығы небәрі 5 күнге ұзартылды. Яғни балалар 1 маусымнан бастап 1 қыркүйекке дейін демалады, - деп мәлімдеген еді Оқу-ағарту министрлігі.

Бастауыш мектеп

Балалар бірінші сыныпқа 6 жастан бастап барады. Оқуға түсер алдында балалар тестілеуден өтеді.

Қытай мектебінің Қазақстан мектебінен айырмашылығы неде?

Қытай бастауыш мектебі балалардың алдына сөйлеуді, жазуды, мыңдаған таңбаларды тануды үйрену міндетін қояды. Бұл өте қиын, сондықтан бүлдіршіндер күні бойы оқиды.

Қытайдағы бастауыш мектеп оқушылары математика, қытай тілі, жаратылыстану, сурет, музыка пәндерін оқиды, сонымен қатар балалар тарихтан, табиғаттанудан және географиядан негізгі білім алады. Қытайды және онда тұратын халықты зерттеу, сондай-ақ саяси ақпарат алу да міндетті. Сонымен қатар оқушылар сыныптардағы тәртіп пен тазалықты сақтауға белсенді қатысады.

Оқушылар 3-сыныптан бастап ағылшын тілін үйренсе, 4-сыныптан бастап шеберханаларда немесе фермаларда тәжірибеге қатысады. Сондай-ақ олар осы жаста факультатив, үйірмелер таңдайды.

Қытай мектебінің Қазақстан мектебінен айырмашылығы неде?

Біздің елімізде де бастауыш сынып оқушыларының тілді үйренуіне қатысты жаңа өзгеріс енгізілген болатын. Дәлірек айтқанда, осы оқу жылынан бастап мемлекеттік тілде оқитын 1-сынып оқушылары тек ана тілін үйренеді. Ал орыс тілінде оқытатын мектептерде 1-сыныпта орыс тілі мен мемлекеттік тіл қатар оқытылады. 3-сыныптан бастап ағылшын тілі қосылады. Балалар үш тілді қатар меңгере алмайтындықтан осындай шешім қабылданған болатын.

Әдістеме тұрғысынан және жүргізілген зерттеулер мен талдаулардың нәтижесі мұның дұрыс бағыт екенін көрсетті. Себебі 1-сынып оқушысына бірден 3 тілді меңгеру қиын. Бұл – тиімсіз. Бала ең алдымен ана тілде оқып, жазуды үйренуі керек, - деген болатын Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

Орта мектеп

Қытайдағы орта мектеп – бұл үш жылдық оқу. Одан кейін білім берудің міндетті бөлігі аяқталады. Жасөспірімдер математика, қытай тілі, ағылшын тілі, физика, информатика, биология, география, музыка, дене шынықтыру, этика және мораль пәндерін оқиды. Сабақтан тыс дене шынықтыру сабақтары аптасына 70 минуттан асады.

Қытай мектебінің Қазақстан мектебінен айырмашылығы неде?

Қытайда саяси сауаттылыққа тәрбиелеуге және идеологияны жас санаға енгізуге ерекше назар аударылады. Сондай-ақ балалар алдыңғы оқу сатысында таңдаған секциялары мен үйірмелерінде де оқуды жалғастырады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында жоғары сыныптарда жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер мен тіл пәндеріне басымдық беруді тапсырған болатын. Тапсырмаға сәйкес елімізде математика, физика, химия, биология пәндерінің сағаттарын көбейту жоспарланып отыр. Онымен қоса жоғары сыныптарда ағылшын тілі сағатын көбейтуге, бағдарламаларды жаңартуға және мұғалімдердің біліктілігін арттыруға баса мән беріледі.

Жоғары мектеп

9-сыныпты аяқтағаннан кейін тапсыратын емтихандар түлектердің болашақ тағдырын анықтайды. Оқушының емтиханнан қанша ұпай жинағанына байланысты оларды бөледі.

Жасөспірімдердің бір бөлігі өнеркәсіпте немесе ауыл шаруашылығында қажетті мамандықты оқытатын кәсіптік мектептерге кетеді.

Қытай мектебінің Қазақстан мектебінен айырмашылығы неде?

Жоғары оқу орындарына түскісі келетіндер жоғары балл жинап, 10-сыныпқа барып, тағы 3 жыл оқиды. Мұнда оқытудың бейіндік бағытын таңдау қажет: гуманитарлық, математикалық, жаратылыстану.

Ал Қазақстандағы тәжірибе бойынша оқушылар 9-сыныпты аяқтағаннан кейін колледждерге түсе алады немесе қалауы бойынша оқуын ары қарай жалғастыра береді. Ал 10-11 сыныпта оқуды жалғастыратындар Ұлттық бірыңғай тестіне (ҰБТ) дайындалуды 10-сыныптан бастайды. ҰБТ-дан тиісті балды жинаған оқушылар таңдаған университеттеріне оқуға түсе алады.

Биыл Оқу-ағарту министрлігі мектеп түлектері үшін тиімді шешім қабылдаған болатын. 

Біз түлектерге ҰБТ-ны 4 рет тапсыруға мүмкіндік беретін өзгерістер енгіздік. Грантқа түсу үшін түлектер ҰБТ-да екі рет бағын сынай алады, - деп Асхат Аймағамбетов жақсы жаңалығымен оқушыларды қуантқан еді.

Қатаң тәртіп, баға, мектеп формасы

Қытай мектептеріндегі сабақтардың басталуы – таңғы 7.30 немесе 8.30. Сабақ әр мекеменің өз тәртібіне байланысты басталады.

Сабақ 45 минутқа созылады. Әр сабақ таңғы жаттығу мен ту көтеру рәсімінен басталады. 

Білім пайыздық жүйемен бағаланады: A (90-100%), В (80-89%), C (70-79%), D (60-69%), F (0-59%). Мұғалімдер оқушылардың ұпайларын сынып журналдарына қояды. Ата-аналар балаларының жетістіктері мен бағалары туралы үнемі хабардар болып отырады.

Қытай мектебінің Қазақстан мектебінен айырмашылығы неде?

Оқытуда қатаң тәртіп сақталады. Егер оқушы 12 сабақты дәлелді себепсіз босатса, онда ол оқудан шығарылады.

Қытайдағы орта білім мемлекеттің бақылауында. Барлық мектеп мемлекеттен қаржыландырылады және жабдықтарды жаңарту, үй-жайларды жөндеу үшін қазынадан қаражат бөлінеді.

Бір сыныпта 30-40 не одан да көп бала болуы мүмкін. Мектепке міндетті бірыңғай формамен келу талап етіледі. Әр мектепте өзінің эмблемасы болады. Қыздар қарапайым шаш үлгісімен, бояусыз келеді.

Қытай мектебінің Қазақстан мектебінен айырмашылығы неде?

Қазақстандық мектептерде мектеп формасына қойылатын талаптар 2016 жылы енгізілген болатын. Жаңа оқу жылынан бастап оқушылар мектепке ұқыпты, таза, классикалық киім үлгісімен келе алады.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі оқу жылы басталар кезде мектеп формасына қатысты ұстанымдарын жариялаған еді.

Жаңа оқу жылында мектеп формасына қойылатын талаптар өзгермейді. Яғни оқушылар мектепке бұрын сатып алған немесе биылғы оқу жылына дайындаған формамен келе алады. Ал мектеп формасы жоқтар таза, ұқыпты классикалық киім үлгісімен келе алады, - деп мәлімдеді ведомство.

Жекеменшік мектеп немесімен ерекшеленеді?

Осыған дейін Бейжіңдегі жекеменшік бастауыш мектепте болғанымыз туралы айтқан едім. Енді осы мектептегі білім жүйесімен танысып көрейік.

Қытай мектебінің Қазақстан мектебінен айырмашылығы неде?

Біз ат басын бұрған мектеп Бейжің Цзинчэн эксперименттік бастауыш мектебі (Beijing Jingcheng experimental primary school). Мектепке кірмес бұрын санитарлық-эпидемиологиялық талапты сақтап, алдымен QR-кодты сканерлеп, кіруге рұқсат беретін «жасыл» кодымызды көрсетіп, маска тақтық.

Қытай мектебінің Қазақстан мектебінен айырмашылығы неде?

Қытайлық оқушылар шетелдік журналистерді құшақ жая қарсы алды. Біз келгенде мектеп ауласында дене шынықтыру сабағы өтіп жатыр екен. Біркелкі спорттық форма киген оқушылар кунфу өнерін көрсетті. 

Кейін ақ және қызыл формадағы екі команда гандбол ойнап, сайысты. Ойынның қызығына кірген журналистерді де дене шынықтыру пәні мұғалімі балаларға қарсы ойнауға шақырып, сары жейде ұсынды. 

Қытай мектебінің Қазақстан мектебінен айырмашылығы неде?

Армениядан келген журналист Варвара Хайрапетян кішкентай болса да, тәжірибелі ойыншылармен ойнаған қиын екенін айтты.

Мен өзім спорт журналисімін. Гандбол ойынының ережесін, қалай ойнау керегін білемін. Бірақ бүгін алғаш рет кішкентай балақайлармен ойнап көрдім. Ойын өте қызықты әрі тартысты болды. Балалар өте шапшаң, қимылдары жылдам. Пасты қалай шығару керегін де біледі. Балаларға естен кетпес ойын үшін алғыс айтамыз. Болашақта үлкен ареналарда жеңіс тұғырынан көрінуді тілеймін, - дейді армяндық журналист.

Бастауыш сынып оқушылары мен журналистер арасындағы жолдастық кездесуде достық жеңді.

Цзинчэн эксперименттік бастауыш мектебінің оқушылары Қазақстан оқушыларына «Сәлем, Қазақстан!» деп ыстық сәлем жолдады.

Қытай мектебінің Қазақстан мектебінен айырмашылығы неде?

Мектепте ағылшын тіліне басымдық берілген, аптасына 5 күн бойы оқытылады. Балалар да ағылшын тілінде еркін сөйлеп тұр.

Спорт ойынынан кейін мектептің ішін аралап, балалармен әңгімелестік. Байқағанымыздай, балалар кішкентай болса да, бәрі өз ойларын еш тартынбастан, еркін білдіреді. 

Балалар қазірдің өзінде болашақта кім болғылары келетінін біледі. Мысалы, бірі жазушы болғысы келсе, бірі биотехнолог болғысы келеді.

Мен өскенде жазушы болғым келеді. Сүйікті жазушым – француз жазушысы Виктор Гюго. Оның еңбектерін сүйіп оқимын, - дейді өзін Эльза деп таныстырған оқушы.

Балалардың бірі сурет салғанды ұнатса, енді бірі пианинода ойнағанды жақсы көреді.

Қытай мектебінің Қазақстан мектебінен айырмашылығы неде?

Жекеменшік мектепте сабақ 08.00-де басталып, кешкі сағат 18.00-ге дейін жалғасады. Оқушылар таңғы, түскі және кешкі астарын мектептен ішеді. 

Бұл мектепте оқу ақысы жылына – 70 000 юань (10 000 доллар). Оқу аптасына 5 күн. Сенбі-жексенбі күндері балалар демалады.

Қытай мектебінің Қазақстан мектебінен айырмашылығы неде?

Барлық қытай мектебінің оқу бағдарламасы Білім министрлігінде мұқият тексеріліп, бағаланғанса да, жекеменшік мектептердің мемлекеттік мектептерге қарағанда бірнеше артықшылығы бар. Жекеменшік қытай мектептерінде оқыту тілі қытай және ағылшын тілдерінде болуы мүмкін. Балалар өз қалаулары бойынша факультатив шығармашылық үйірмелерге қатыса алады. Сонымен қатар жекеменшік мектептерге мықты мамандар тартылады.

Өзгелердің жаңалығы