Қытай инвесторлары Түркістанда кірпіш зауытын салады

24 Қазан 2022, 19:09
1982
Бөлісу:
Қытай инвесторлары Түркістанда кірпіш зауытын салады

Қытайлық «Jemchug Power» компаниясы Түркістан облысына 10 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция құюға дайын. Шетел инвестициялары тәулігіне 400 мыңға жуық кірпіш шығаратын зауыттың құрылысы жобасын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қытайлық алпауыт компания өкілдерімен кездесіп, маңызды мәселенің мән-жайын талқылады.

Өз кезегінде, облыс басшысы аталған жобаны «Түркістан» Арнайы экономикалық аймақтың аумағында және Ордабасы ауданындағы «Қазақ-Түрік» Индустриалды аймақта жүзеге асыруға шақырып, тиісті қолдаулар көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Сонымен бірге, отырыста облыс төңірегінде бірқатар нысандардың салынуын және құрылыстың қарқындылығын ескере отырып, аталмыш зауыттың қажеттілігі айтылды. Бұл ретте, қытайлық инвесторлар зауытқа лайықты орындармен және шикізатты алатын жер қойнауларымен танысып, тиісті шешім қабылдайтынын мәлімдеді.

Өз кезегінде аймақ басшысы жобаның жоспарлы түрде іске асуына мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетілетінін жеткізді. Яғни, нысандарды салуға арналған жер телімдерін бөлу және құжаттарын әзірлеп, онда тартылатын инфрақұрылым мәселелері толығымен әкімдік тарапынан жүзеге асырылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы