Қытай елшілігі Қазақстан жастары арасында байқау жариялады

16 Сәуір 2024, 14:45
946
Бөлісу:
Қытай елшілігі Қазақстан жастары арасында байқау жариялады
Фото: assembly.kz

Қазақстан жастары арасында «Бірлескен болашақ, үздік әлем - адамзаттың ортақ тағдырлас тұлғасын қалыптастыру» тақырыбында сурет салу байқауы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2013 жылдың наурыз айында Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин алғаш рет адамзаттың тағдырлас ортақ тұлғасын қалыптастыру туралы бастамасын жариялаған болатын. Он жылдан астам уақыттан кейін адамзаттың тағдырлас ортақ тұлғасын қалыптастыру тұжырымдамасы қытайлық бастамадан халықаралық ортақ танымға, керемет көзқарастан бай тәжірибеге дейін дамып, тұжырымдамадан ғылыми жүйеге айналды. Бұл жүйе Қытай елінің жоспарымен әдемі әлемді бірлесіп құруға ықпал ететін, дәуірді алға бастайтын жарқыраған туға айналды.

Қазақстан жастары арасында адамзаттың тағдырлас ортақ тұлғасын қалыптастыру тұжырымдамасын түсіндіру, Қытай мен Қазақстан халықтары арасындағы алмасуды, әсіресе жастар арасындағы алмасуды жақсарту мақсатында «Бірлескен болашақ, үздік әлем - адамзаттың тағдырлас ортақ тұлғасын қалыптастыру» тақырыбында Қазақстан жастары арасында сурет салу байқауы өткізіледі.

Байқауды ҚХР-ның ҚР-дағы Елшілігі мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті жанындағы Конфуций институты бірлесіп ұйымдастырып жатыр.

Байқауға 30 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтары қатыса алады.

Қатысушылар көркемсурет, кескіндеме, сурет ұсына алады. Қолданылатын материалдар мен өлшемге шектеу қойылмайды.

Конкурс жұмыстары 15 сәуір-31 тамыз аралығында қабылданады. Ал қорытынды 10 қыркүйектен кейін жарияланады.

Толық ақпарат алу үшін Қ. Жұбанов атындағы АӨУ жанындағы Конфуций институтына хабарласу керек.

Байланыс: Алитурлиев Алибек

WhatsApp: +7-702-625-55-10

Электрондық пошта: arsu.conf@gmail.com

Instagram:@zhubanov_confucius

Өзгелердің жаңалығы