Қытай covid-19 індетіне қарсы вакциналауға 18,9 млрд доллар жұмсады

7 Сәуір 2022, 06:39
1295
Бөлісу:
Қытай covid-19 індетіне қарсы вакциналауға 18,9 млрд доллар жұмсады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл шығындар елдің медициналық сақтандыру қорынан бөлінбек, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК. 

Ресми мәліметтерге сәйкес қазіргі уақытта Қытайдың континенталды бөлігінде коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналардың шамамен 3,2 миллиард дозасы енгізілген. 

Қытай 2021 жылдың ақпан айында COVID-19-ға қарсы вакциналаудың тегін бағдарламаларын іске қосты. 

Вакцинаны сатып алуға және вакциналауға жұмсалатын шығындар негізінен елдің медициналық сақтандыру қоры мен мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен өтеледі.

Өзгелердің жаңалығы