Қытай банктері әлем бойынша бірінші орынға шықты

9 Қаңтар 2023, 18:27
5193
Бөлісу:
Қытай банктері әлем бойынша бірінші орынға шықты

Қытай банктері әлем бойынша бірінші орынға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өткен жылы әлемдік қаржы нарығында Қытай батыстық бәсекелестерін орта жолда қалдырып, бірінші орынға көтерілген. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлімдеді. 

Қытай IPO-ның (қор биржаларында бастапқы орналастыру) жаңа орталығына айналды. Қаржыгерлердің пікірінше, ұлттық заңнаманың ерекшеліктері және әлемдегі геосаяси жағдай жергілікті банктерге рекордтық табыс әкеліп, батыстық бәсекелестерді рейтингтердің бірінші сатысынан ығыстырып шығаруға мүмкіндік берген. 

Ал Үндістан 2022 жылы әлемдегі ең ірі қаржы институттарын қабылдауда жетістікке жеткен. Рас, бұл елде IPO-ға емес, бірігу мен қосылуға баса назар аударылды. Соған қарамастан сарапшылар ірі ақша және рекордтық инвестициялар әлемінде тектоникалық ауысудың орын алғанын жоққа шығармайды. 

1979 жылы мемлекетті басқарған реформатор Дэн Сяопиннің бастамасымен құрылған CITIC инвестициялық мемлекеттік корпорациясының еншілес ұйымы болып табылатын ірі қытайлық CITIC Securities инвестициялық банкі 2022 жылы әлемдік нарықта көшбасшы болды. 

CITIC Securities қаржы ұйымы жалпы сомасы 18,6 миллиард доллар болатын мәмілелер бойынша андеррайтер (Андеррайтердің функциялары қор биржасында бағалы қағаздар шығарылымын орналастыруды ұйымдастырумен шектеледі) ретінде әрекет еткен. Екінші орын да қытай банкіне тиесілі – China International Capital Corp. (Central Huijin Investment ұлттық қорына тиесілі) 10,4 млрд доллар табыс тапқан. Батыстың ірі ойыншысы атанған америкалық Citigroup тек үшінші орынға табан тіреген. Ондаған жылдар бойы IPO-ның әлемдік орталығы - Америка Құрама Штаттары болып келген еді.

Өзгелердің жаңалығы