Қытай Айдың ең қараңғы кратерлерін зерттейді

Қытай Айдың ең қараңғы кратерлерін зерттеуге дайындалып жатыр.

19 Тамыз 2026, 16:58
АВТОР
 Синьхуа 19 Тамыз 2026, 16:58
19 Тамыз 2026, 16:58
177
Фото: Синьхуа

Қытай «Чанъэ-7» ай миссиясын ұшыруға дайындалып жатыр. Зонд «Long March-5 Y14» зымыран-тасығышымен бірге Хайнань провинциясындағы Вэньчан космодромының ұшыру алаңына жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Синьхуаға сілтеме жасап.

Ұшыру алдында мамандар жабдықтарға соңғы тексерулер жүргізіп, жүйелердің бірлескен сынақтарын өткізеді және зымыранды отынмен толтырады. Нақты ұшыру уақыты әзірге аталған жоқ – оны қолайлы сәтте жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Зерттеудің мақсаты қандай?

«Чанъэ-7» миссиясының басты мақсаты – Айдың Оңтүстік полюсін, соның ішінде үнемі көлеңкеде қалатын кратерлерді зерттеу.

Миссия бірден бірнеше аппараттан тұрмақ: орбиталық аппарат, қондыру модулі, айжүруші (луноход) және шағын «секіргіш» зонд (хоппер). Соңғысы беткеймен секіру арқылы қозғалып, қол жеткізуге қиын учаскелерді зерттей алады.

Ай бетіндегі жұмсақ қону технологияларын жетілдіру жолдары

Миссия аясында Қытай Ай бетіне жоғары дәлдікпен жұмсақ қону, Ай бетінде қозғалу, сондай-ақ оның ресурстары мен қоршаған ортасын зерттеу технологияларын пысықтауға ниетті.

Жобада халықаралық ынтымақтастық та қарастырылған.

Еске салайық, бұған дейін Қытай алғаш рет зымыранды сәтті ұшырып, оның бірінші сатысын Жерге қайтарды.

Тағы оқи отырыңыз: 

Өзбекстан орбитаға жасанды интеллекті бар спутникті ұшырды

Тоқтар Әубәкіров 80 жаста: Президент тұңғыш ғарышкерді мерейтойымен құттықтады

NASA Марста өмір сүретін еріктілерді іздестіруде

Наверх