Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қытай АҚШ-тың 28 компаниясына қатысты экспорттық шектеулерді уақытша тоқтатты

14 Мамыр 2025, 23:30
302
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Қытай билігі АҚШ-тың 28 компаниясына қатысты қос мақсатты тауарлар экспортына енгізілген бақылау шараларын уақытша тоқтатты. Бұл туралы Қытайдың Сауда министрлігі ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомствоның хабарлауынша, бұған дейін 4 және 9 сәуір күндері аталған америкалық компаниялар экспорттық бақылау тізіміне енгізілген болатын. Бұл тізімге енген соң, қытайлық компанияларға оларға қос мақсаттағы (азаматтық және әскери қолдануға жарамды) тауарларды жеткізуге тыйым салынған еді.

Министрлік бұл шешімнің Қытай мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық келіссөздер нәтижесінде қабылданғанын атап өтті.

2025 жылдың 14 мамырынан бастап шектеу шаралары 90 күнге тоқтатылады. Бұл жоғары деңгейдегі уағдаластықтарды жүзеге асыру мақсатында жасалып отыр, – делінген хабарламада.

Аталған қадам екі ел арасындағы сауда қатынастарын тұрақтандыруға бағытталған уақытша шара ретінде бағаланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы