Қытай адам генін өңдеу ережесін сақтамай отыр - сарапшылар

7 Наурыз 2023, 19:40
946
Бөлісу:
Қытай адам генін өңдеу ережесін сақтамай отыр - сарапшылар
Фото: egemen.kz

Осыдан бес жыл бұрын қытайлық ғалым егіз балаға алғаш рет генетикалық өңдеу әдісін пайдаланған еді. Осы іске байланысты наразылық туып, халықаралық сарапшылар бұл тәсілді пайдаланудың жаңа ережесін бекіткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бірақ Қытай ол ережені сақтамай отыр, деп жазды Egemen.kz.

Қытайдағы генді өңдеу саласының халықаралық сарапшысы Джой Чжан бұл саланы реттейтін талаптардың орындалмай отырғанын айтты.

«Бұл әдіс ғылыми институттардан тыс, жеке кәсіпорындарда жүзеге асырылып жүр. Мен осыған алаңдаймын», дейді сарапшы.

Генді өңдеу - бұл ДНҚ-ға өзгерістер енгізуге мүмкіндік беретін әдіс. Яғни осы арқылы туа бітті ауруларды емдеуге және баланың генін түбегейлі өзгертуге болады. Әрі ата-бабадан берілетін ерекшеліктерін жоя алады.

Сарапшылар Қытай зерттеулері мен тәжірибесінде көп құпия бар дейді.

«Мен Қытайдың неліктен көшбасшы болғысы келетінін түсінемін. Ерекше назар аудару керек салалар бар. Генді өңдеу саласы солардың бірі. Оны дұрыс басқару мен қадағалау жұмысын жақсарту керек», деді Робин Ловел Бадж.

Өзгелердің жаңалығы