Қыста пияз тағы 500 теңгеге дейін қымбаттай ма?

19 Маусым 2023, 15:29
697
Бөлісу:
Қыста пияз тағы 500 теңгеге дейін қымбаттай ма?
Фото: Нұрасыл ЕРЖАНОВ - архив

Елімізде қыста пияз бағасы 500 теңгеге дейін көтерілмейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Арман Шаққалиев Мәжілісте өткен Үкімет сағатында мәлімдеді. Оның айтуынша, айналымдық схема елімізде өндірілмейтін өнімдерге қолданылады.

Әлеуетті маңызға ие ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің өнімдерін сатып алуға 100 млрд теңге бөлген кезде оның 70 пайызын тікелей өндірушілерге бағыттаймыз. Өнімнің 30 пайызы елімізде өндірілмейді немесе жеткіліксіз мөлшерде өндіріледі. Бұл жерде айналымдық схема қолданылады, - деп атап өтті вице-министр Мәжілістің кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол қыста пияз бағасының қымбаттау мүмкіндігіне қатысты жауап берді.

Қыста пияздың бағасы қымбаттайды. Мұндай жағдай болмас үшін осы индикациялық теңгерім арқылы біз қанша өнім қажеттігін, қалалықтарға қандай қордың керек екендігін білеміз. Баға 500 теңгеге көтерілмейді, - деді ведомство өкілі.

Өзгелердің жаңалығы