Қырғызстанда қызылша дерті өршіп тұр

18 Тамыз 2023, 13:14
485
Бөлісу:
Қырғызстанда қызылша дерті өршіп тұр
Фото: BAQ.KZ - архив

 Бішкекте ауруханаға күн сайын 4-5 бала түседі. Науқастардың 80 пайызы вакцина салдырмағандар, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Аурудың өршуіне де осы жайт себеп болған. Биыл алғашқы жарты жылда 10 мыңнан аса баланың ата-анасы екпеден бас тартқан. Кейбіреулер діни наным-сенім бойынша келіспесе, басқалары препараттардың тиімділігіне сенбейді. Енді біреулері балаларының денсаулығына кері әсер ете ме деп алаңдайды. 

Бұл аздай коронавирус та жағдайды ушықтырып жіберді. Өйткені пандемия кезінде жоспарлы вакцинадан қалып қойғандар көп болды. Дәрігерлер мұның бәрі ұжымдық иммунитеттің төмендеуіне әкеп соқтыратынын айтады. 

Негізі жыл басынан бері көрші елде қызылшаны жұқтырудың 1700-ден аса дерегі тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы