Қырғызстан жақтан су келмей зардап шеккен шаруалардың жайы қалай шешіледі

22 Тамыз 2023, 16:28
1465
Бөлісу:
Қырғызстан жақтан су келмей зардап шеккен шаруалардың жайы қалай шешіледі
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Бұл жайында Үкімет кулуарында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қарашөкеев қуаңшылықтан зардап шеккен егіс алқаптарында болып, жағдаймен танысқанын айтады. Оның айтуынша, шаруаларға келтірілген шығын мемлекет тарапынан өтеледі.

Жамбыл облысында алқаптарды суару кезеңінде су тапшылығы болды. Көршілес Қырғызстаннан су келмеді. Сондықтан Жамбыл облысында қурап кеткен алқаптар бар. Олардың аумағы 7,8 мың гектар, - деді Ербол Қарашөкеев.

Ол осы мәселеге байланысты Үкімет аймақтық деңгейдегі төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдағанын атап өтті.

Аймақтық деңгейдегі төтенше жағдай жарияланғанда алқаптарға жүргізілген ғылыми-сараптамалық негіздемеге сай, біздің резервтен қаражат бөлінеді. Ол ақша шығын келген фермерлерге беріледі, - деп жауап берді Ербол Қарашөкеев.

Өзгелердің жаңалығы