Қырғызстан жанармай бағасына мемлекеттік реттеу енгізеді

Қыркүйек айының соңына дейін мемлекет бензин, дизель отыны және сұйытылған газ импортын субсидиялайды, сондай-ақ жанармай құю бекеттеріндегі бөлшек сауда бағасын уақытша реттейді.

 pexels.com Бүгiн 2026, 03:50
Бүгiн 2026, 03:50
134
Фото: pexels.com

Қырғызстан үкіметі жанармай бағасының өсуі мен жанар-жағармай тапшылығы қаупіне байланысты отын нарығын тұрақтандыру үшін дағдарысқа қарсы шараларды бекітті.

Қаулыға Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Қасымәлиев қол қойды.

Қыркүйек айының соңына дейін мемлекет бензин, дизель отыны және сұйытылған газ импортын субсидиялайды, сондай-ақ жанармай құю бекеттеріндегі бөлшек сауда бағасын уақытша реттейді.

Сонымен қатар, импорттаушыларға акциздерді төлеу бойынша кейінге қалдыру мүмкіндігі беріледі, ал мұнай өнімдерін автокөлікпен жеткізуге қойылған шектеулер тасымалды жеделдету үшін уақытша алынып тасталады.

Наверх