Қырғызстан сарапшысы Қазақстандағы Парламент сайлауын Қазақстанның саяси жүйесінің жаңаруының көрсеткіші деп бағалады

10 Ақпан 2023, 19:36
1105
Бөлісу:
Қырғызстан сарапшысы Қазақстандағы Парламент сайлауын Қазақстанның саяси жүйесінің жаңаруының көрсеткіші деп бағалады
Фото: ҚЗСИ

Алматыда «ҚСЗИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» алаңында сарапшылар қауымдастығы аралас сайлау жүйесінің негізгі артықшылықтары мен мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қырғыз Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық стратегиялық зерттеулер институтының директоры Канатбек Азиз бүгінгі тақырып Қазақстан үшін де, Қырғызстан үшін де өте өзекті екенін атап өтті.

Сайлау нәтижесінде туындаған бірнеше мәселелер бар. Бірінші кезекте бұл депутат мәртебесін жүзеге асыру мәселесіне қатысты. Өйткені саяси партиядан сайлайтын депутаттар мен бір мандатты округтер бойынша сайланатын депутаттардың құқықтық негіздері әртүрлі. Қырғызстанның сайлау жүйесіндегі өзгерістерге және депутаттық корпустың қалыптасуына 2020 жылғы қазан оқиғасы толықтай әсер еткенін атап өткім келеді. Нәтижесінде конституциялық реформа жүргізіліп, онда конституциялық кеңес мүшелері депутаттық корпусты мажоритарлық және пропорционалды жүйе бойынша аралас жүйе негізінде сайлауды ұсынды. Мажоритарлық жүйеге осылайша оралу қызық болды. Себебі бұл бәріміздің басымыздан посткеңестік кезеңде өтті, – деді Қанатбек Азиз.

Қырғыз Республикасының Президенті жанындағы ҰСЗИ ғылыми қызметкері Шерадил Бактыгулов ағымдағы сайлау Қазақстандағы саяси жүйенің өзгеруінің көрсеткіші екендігіне назар аударды.

Жақында Қазақстанда болатын парламент сайлауы, менің ойымша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған реформалардың жалғасуының дәлелі. Бұл Қазақстанның саяси жүйесінің жаңаруының көрсеткіші екенін атап өткім келеді. Сайлауға қатысты айтар болсам, әлемде кемшіліксіз сайлау жүйелері жоқ және барлық тәжірибелер бір-бірін байытып отырғаны анық. Осыған байланысты мен Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтына бар тәжірибені бөлісуге мүмкіндік беретін  осы сараптама алаңын ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамын, – деді сарапшы.

Өзгелердің жаңалығы