Қырғыз байқаушысы: Қазақстандағы сайлау өте жоғары дәрежеде өтті

21 Қараша 2022, 12:48
815
Бөлісу:
Қырғыз байқаушысы: Қазақстандағы сайлау өте жоғары дәрежеде өтті

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында өткен ТМД байқаушыларының отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру өте жоғары деңгейде өтті. Сайлау учаскелеріндегі қызметкерлер мен байқаушылар жұмыстарын  өз деңгейінде орындады. Дауыс беру бюллетендеріндегі кандидаттардың есімдерімен қатар, «барлығына қарсымын» нұсқасы да көрсетілген. Бұл жерде дауыс беруші өзінің қарсылығын көрсетіп, ешкімді таңдамауға мүмкіндік қарастырылған. Сайлау учаскелерін байқау барысында қазақстандықтардың белсенді дауыс бергенін байқадық және дауыс беру барысында заңға қайшы дүние мен құқық бұзушылық тіркелмеді», - деді Қырғыз Республикасының байқаушылар мүшесі Нуржан Шайлдабекова.

Сонымен қатар, Қазақстандағы президенттік сайлаудан алар тәжірибенің көп екенін атап өтті. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кезектен тыс өтіп жатқан сайлауға халықаралық мемлекеттер мен ұйымдар атынан 174 бақылаушы қатысқан болатын. Оның 10-ы ұзақ мерзімді бақылаушы болса, қалған 164-і сайлауға 1-күн қалғанда Астанаға келді. ТМД бақылаушылар миссиясының төрағасы олардың "ҚР Сайлау туралы" конституциялық заңымен толық танысқанын, дауыс беру барысында ешқандай заң бұзушылықтардың болмағанын айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы