Қырғыз азаматынан 10 кг аса психотроптық зат табылды – ҰҚК

17 Қазан 2022, 15:39
665
Бөлісу:
Қырғыз азаматынан 10 кг аса психотроптық зат табылды – ҰҚК

«Қордай» автомобильдік өткізу пунктінде контрабандалық есірткінің ірі партиясын алып өту әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2022 жылғы 13 қазанда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы «Қордай» автомобильдік өткізу пунктінде контрабандалық есірткінің ірі партиясын алып өту әрекетінің жолын кесті. 

Қырғыз Республикасы азаматының басқаруындағы көлікті тексеру кезінде 10 кг аса психотроптық зат табылды. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы