Қымыз, домбыра, аударыспақ: Қазақ ауылындағы өмір

17 Маусым 2024, 14:35
1408
Бөлісу:
Қымыз, домбыра, аударыспақ: Қазақ ауылындағы өмір
PHOTO
Фото: автордан

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында Көктөбе ауылында туристерге арналған этноауыл бар. Мұнда қонақтар қазақтың салт-дәстүрімен танысып, кең дастарханнан дәм татып, ұлттық ойындар ойнай алады. BAQ.KZ тілшісі ауыл маңында ашылған Дәстүрлі аңшылық орталығында болып, қазақтың салт-дәстүрін қалай жаңғыртып жатқанын көріп қайтты.

Қытайлық "Жэньминь жибао" газеті мен қазақстандық БАҚ еліміздегі қазақ-қытай жобаларына бірлескен баспасөз турын бастады. Жобаның мақсаты – елімізде жүзеге асырылып жатқан екіжақты жобалармен танысу.

Бұған дейін журналистер Қостанайдағы машина зауытында, Өскемендегі “Лу Бань шеберханасында”, Алматыдағы “Азиялық Газқұбырында” және Алматы облысындағы Бұғыты кен орнының вольфрам өндіру жобасымен танысуға мүмкіндік алды.

Қымыз, домбыра, аударыспақ: Қазақ ауылындағы өмір

Баспасөз туры аясында жергілікті және қытайлық журналистер Алматы қаласынан 2 сағаттай жерде орналасқан Дәстүрлі аңшылық орталығында болды. Этноауыл Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында Көктөбе ауылында ашылған. Қазақ ауылы биыл туристерді көптеп қабылдап жатыр.

Қымыз, домбыра, аударыспақ: Қазақ ауылындағы өмір

Дәстүрлі аңшылық орталығының басшысы Мағауия Мүптекеев этноауылда туристерге қандай жағдай жасалғанын, орталық қандай қызмет ұсынатынын айтып берді.

Қымыз, домбыра, аударыспақ: Қазақ ауылындағы өмір

Оның сөзінше, осы ауылға орныққанына 3 жылдай болған. Бірақ соңғы 2 жылда орталық белсенді жұмыс істей бастаған. Мұнда 10-ға жуық адам істейді. Бірақ ауылдың барлық тұрғыны этноауылдың жұмысына атсалысады. Мысалы, бірі құртын, бірі ірімшігін әкеледі.

Қымыз, домбыра, аударыспақ: Қазақ ауылындағы өмір

Қазақ ауылы

Бұл жер – Дәстүрлі аңшылық орталық деп аталады. Аңшылыққа қатысты не бар болса, соның барлығын осы этноауылда шоғырландыруға тырысқанбыз. Бізде аңшылық тек қана бүркіт ұстап, қыста тауға шығу ғана емес, сонымен қатар басқа да өнеріміз бар. Десе де аңшылық өнеріміздің өзі бір төбе болса, оған қоса тері илеу, қамшы жасау, ат, ер-тоқымымыз бар, - дейді этноауылдың басшысы.

Қымыз, домбыра, аударыспақ: Қазақ ауылындағы өмір

Оның сөзінше, орталықты ашқандағы басты мақсат оны біртұтас қазақ ауылы ретінде көрсету болған.

Сондықтан осындай келбетті, әсем жайлау жерді тауып, қазағымыздың кеңдігін, кең даладағы дәурен өмірін көрсеткіміз келді. Орталық қаладан алысырақ орналасқан. Бұл жердегі негізгі мақсатымыздың бірі – ұлттық дәстүрлерімізді сақтап, ары қарай жеткізу. Сонымен қатар шетел өкілдеріне, әлемге өзімізді дәріптеу, жоғалып бара жатқан дүниемізді көрсету, - деп айтты Мағауия Мүптекеев.

Қымыз, домбыра, аударыспақ: Қазақ ауылындағы өмір

Ол салт-дәстүрімізді халқымызға, ұрпағымызға да аманаттау міндет деп санайды.

Дәстүрлі аңшылық орталық жыл бойы жұмыс істейді.

Қымыз, домбыра, аударыспақ: Қазақ ауылындағы өмір

Құсбегілік аңшылыққа Абай атамыз айтқандай, қансонарда шығады. Сондықтан аңшының қыс мезгілінде, қар түскенде аңшылыққа шығуы нағыз кезең саналады. Яғни қыста аңшылыққа шықсақ, көктемде және жазда құсымыз түлейді. Осы мезгілде қанатын кеңге жайған құсымызды қонақтарымызға көрсете береміз, - деп айтты орталық директоры.

Сонымен қатар қонақтар ауылға келгенде аударыспақ, құсбегілік өнер, қыз қуу, садақ ату өнерлерін тамашалай алады. Қонақтар тіпті бауырсақ та пісіріп көре алады.

Қымыз, домбыра, аударыспақ: Қазақ ауылындағы өмір

Бұл жолы қытайлық журналистер садақ ату өнерімен және оның тарихымен танысты. Олар садақ атып та көрді.

Ең жас садақшы - Абзал 6 жаста. Ол туристерге садақ ату өнерін көрсетіп, нысананы дәлдеді.

Қымыз, домбыра, аударыспақ: Қазақ ауылындағы өмір

Ол жарыстарға қатысып тұрады. Соңғы сайыста 2-орын алғанын айтты.

Қымыз, домбыра, аударыспақ: Қазақ ауылындағы өмір

Жасым алтыда. Садақ атуды 3 жасымнан бастап үйрене бастап. Садақ атудан жарыстарға қатысып тұрамын. Жарыста 2-орын алып қалдым, - деп келесі бәсекелерде бас жүлдені алуға тырысатынын айтты.

Этноауылға қалай баруға болады?

Ауылымызға келгісі келетіндер бізге алдын ала хабарласа алады. Қонақтардың қалауы бойынша үлкен саяхатты да көрсетуге тырысамыз. Ауылымызға қаладан кішкентай балалар, оқушылар да келеді. Олар құсымызды ұшырмаса да, оны көріп, әңгіме тыңдайды, - дейді Мағауия Мүптекеев.

Қымыз, домбыра, аударыспақ: Қазақ ауылындағы өмір

Этноауыл басшысы атап өткендей, ауыл қонақтары ыстық бауырсақтан дәм татып, қымыз ішіп, бүркітші жайлы қызықты әңгімелер мен хикаяларды тыңдай алады. Сонымен қатар ата-бабамыздан қалған дәстүрлерімізді, қамшы қолөнерін тамашалайды.

Мағауия Мүптекеев бастаған этноауылдықтар бұл жерді аңшылық өнерімізді, ұлттық тағамызды және басқа да дәстүрімізді дәріптейтін үлкен орталыққа айналдыруды көздеп отыр.

Қымыз, домбыра, аударыспақ: Қазақ ауылындағы өмір

Ауылда төрт киіз үй орнатылған. Ауылда түнегісі келетін қонақтарға да киіз үйде бар жағдай жасалған.

Қымыз, домбыра, аударыспақ: Қазақ ауылындағы өмір

Сондай-ақ ауылда зерлерлік бұйымдар мен қазақ ою-өрнектерімен тігілген сөмкелер, қамшы және таза тастардан жасалған бұйымдар көрмесі де ұсынылған. Қонақтар қалаған қолөнер бұйымдарын сатып ала алады.

Қымыз, домбыра, аударыспақ: Қазақ ауылындағы өмір

Оның сөзінше  бұл жер туристер арасында танымал. Сол себепті биыл туристер ағыны жаман емес.

Визасыз режим енгізілгендіктен болар биыл соңғы 1-2 айда қытайлық туристер көптеп келіп жатыр. Әр апта сайын келіп тұрады. Сонымен бірге үндістандық туристердің ағыны да айтарлықтай жақсы. Бірақ әлемнің түкпір-түкпірінен келіп жатқан туристер жетерлік. Мысалы, Америка, Испания және т.б. Олар тек бүркітті көруге ғана емес, қазақ үйде түнеп кетуге келеді. Кейбірі құспен суретке түсуге, кейбірі атпен серуендерге келеді, - деп айтты этноауыл директоры.

Қымыз, домбыра, аударыспақ: Қазақ ауылындағы өмір

Мағауия Мүптекеевтің айтуына қарағанда, соңғы екі жылға қарағанда биыл өсім шамамен 80%-ға артып отыр. Мысалы, 2023 жылы аптасына 2-3 топ келсе, биыл аптаның бес күнінде де қонақ қабылдайды.

Этноауылға қандай қолдау қажет?

Мағауия Мүптекеев ауылда қандай проблема бар екенін айтты. Сөзінше  инфрақұрылым мәселесі ақсап тұр. Қазіргі күні осы мәселені шешу маңызды.

Қымыз, домбыра, аударыспақ: Қазақ ауылындағы өмір

Кейде су жетпей қалатын кездер де болатын көрінеді.

Ауылда жол нашар. Жарық жеткізу мәселесі де бар. Туристер осы маң арқылы Ассы жайлауына, Түрген шатқалына, Шарынға барады. Бірақ бұл жол ешкімнің көмегінсіз-ақ өз жұмысын атқарып жатыр. Алайда мұнда бір кедергі бар – әкімдіктер жолдың бойына бейіттер салу. Бұрынғы бар бейіттерді жалғастырудың орнына жаңа бейіттер берген. Біздің ойымызша, жолдың бойына бейіт қойып тастай бермей, болашаққа да бар табиғатымызды аманаттап қалдыру керек, - дейді ол.

Этноауыл басшысы Алматы облысындағы табиғат осы өңірдің қазынасын, жауһары екенін айтып, оны аялап ұстау керегін жеткізді.

Қазақстан шетелдіктерді несімен таңғалдырды

Қымыз, домбыра, аударыспақ: Қазақ ауылындағы өмір

"Жэньминь жибао" газетінің жетекші редакторы Ван Фан да Қазақстанға алғаш рет келіп отыр.

Бірге келген әріптестерімнің көпшілігі де Қазақстанда алғаш рет. Біз осы әсем Қазақстанға келіп, қазақстандық медиа достарымызбен бірге "Бір белдеу, бір жол" бастамасы аясындағы Қытай-Қазақстан арасындағы маңызды жобаларды араладық. Жеңіл рельсті жобадан автомобиль өнеркәсібіндегі ынтымақтастыққа, өндірістік қуаттар мен энергетика саласындағы ынтымақтастықтан гуманитарлық алмасуға дейін. Баспасөз туры өте қызу өтті деп айта аламыз. БАҚ-тағы қазақстандық әріптестерімізбен бірге жұмыс істеп, шахтаға түсіп, ауылдың тереңіне сүңгіп қайттық. Біз көптеген жерді аралап, Қазақстанның бай тарихын, мәдениетін, экономикасын, қоғамын сезіндік. Сұхбатты бірге өткізу өте қуанышты болды. Бір-бірімізден үйрендік, - дейді ол.

Қымыз, домбыра, аударыспақ: Қазақ ауылындағы өмір

Ван Фан атап өткендей, тіліміз әртүрлі болғанымен, журналист ретіндегі кәсібилігіміз бен байсалдылығымыз бір.

Сұқбат өткізу мүмкіндігін барлығы өте жоғары бағалады және біздің топтың әрбір мүшесі ерекше байығанын сезінді. Сондықтан болашақта қазақстандық достарымызбен бірге ынтымақтастық пен өзара тиімді серіктестік туралы ақпараттар жасау үшін көбірек жерлерді аралау мүмкіндігі әлі де болады деп сенемін, - деп айтты қытайлық журналист.

Қымыз, домбыра, аударыспақ: Қазақ ауылындағы өмір

Сонымен қатар Италиядан келген қытайлық әріптесіміз де бұған дейін елімізде болғанымен, табиғаты ерекше этноауылда алғаш рет болғанын жасырмады.

Қазақ ауылына алғаш рет келіп отырмын. Бүгін бірінші рет садақ атып, атқа отырып көрдім. Бұл қазақтың дәстүрлі стилі. Бұрындары қазақтың қалай тұрғанын көзімізбен көрдік. Өте қызықты ақпарат алдық. Менің ойымша, Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим туризм саласындағы серіктестікке оң септігін тигізеді. Бүгін қытайлық туристерді кездестірдік. Олар да Қазақстанға визасыз режим ашылғаннан кейін алғаш рет келіп отыр екен, - дейді қытайлық журналист Борис.

Қымыз, домбыра, аударыспақ: Қазақ ауылындағы өмір

Ол қытай мен қазақ дәстүрінде айырмашылық болғандықтан, туристерге Қазақстан қызықты туристік бағыт болады деп есептейді.

Сондай-ақ қытайлық журналистер қазақ асханасынан дәм татып, ұлттық тағамдардың ұнағанын айтты. Олар қазақ ұлты өте қонақжай, мейірімді екенін де қоса кетті.

Қымыз, домбыра, аударыспақ: Қазақ ауылындағы өмір

Ал Алматыда кездестірген егде жастағы қытайлық туристер тобы Шыңжаңды аралап, кейін Алматыға келген. Олар елдеріміз арасында визасыз режим болғандықтан шекарадан өтіп, Қазақстанды да аралауға шешім қабылдаған.

Біз Шымбұлақ, қаланың жасыл базарына барамыз. Алматы өте әдемі қала. Адамдар да ашық, қонақжай. Қазақстан көпұлтты ел болса да, тұрғындар бірлікте екенін көрдік, - деп айтты туристер.

Олардың сөздерінше, әлем елдері арасындағы визасыз режим азаматтарға бір-біріне емін-еркін саяхат жасауына септігін тигізеді.

Өзгелердің жаңалығы