"Қылмыс жасаса, ол кім болса да, жазаға тартылуы керек". Қожаназаров Алмасбек Садырбаев туралы

6 Қараша 2024, 12:23
8171
Бөлісу:
"Қылмыс жасаса, ол кім болса да, жазаға тартылуы керек". Қожаназаров Алмасбек Садырбаев туралы
Фото: Артём Чурсинов - Архив

Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров агросарапшы Алмасбек Садырбаевтың ұсталғанына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды, BAQ.KZ тілшісі.

Ол бір-бірін танитынын айтты.

Ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істегеннен кейін бір-бірімізді қолдап жүрген азаматтармыз. Алайда қазір болып жатқан дүниелер, яғни парақорлық, субсидия ұрлау бойынша құзіретті органдар баға беруі керек. Менде ешқандай ақпарат жоқ. Кім болса да, мен болсам да, депутат, министр, Алмасбек Садырбаев болса да, егер осындай қылмыстар жасаса, онда адам жазаға тартылуы керек, - деп айтты Қожаназаров Мәжіліс кулуарында.

Оның ойынша, егер қылмыс болмаса, әділеттілік өз орнын табады.

Еске салсақ, бүгін "Шаңырақ" қоғамдық бірлестігінің басшысы Алмасбек Садырбай ұсталған еді. Ол өзі басқаратын адамдар тобы Балқаш, Еңбекшіқазақ, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарында жалған ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрды деп күдіктелуде.

Өзгелердің жаңалығы