Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында бөгет нығайтылып жатыр

24 Мамыр 2024, 10:48
202
Бөлісу:
Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында бөгет нығайтылып жатыр
VIDEO
Фото: скрин

ТЖМ Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы су тасқыны жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында бөгетті нығайту жұмыстары жалғасып жатыр.

Тәулігіне 5150 қап және 164 тонна инертті материалдар төселді. Құтқарушылар топтары және ТЖМ 20982 әскери бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Жайсаңбай ауылына көмек көрсетуге заттарды тасымалдау үшін қосымша шынжыр табанды тартқыш техникасы жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы