Құтқарушылар жоғары дайындық режиміне ауыстырылды. Смайылов ТЖМ-нің баяндамасын тыңдады

9 Шілде 2023, 15:56
948
Бөлісу:
Құтқарушылар жоғары дайындық режиміне ауыстырылды. Смайылов ТЖМ-нің баяндамасын тыңдады
Фото: Үкімет

Қазіргі күні құтқарушылар жоғары дайындық режиміне ауыстырылды. Бұл туралы ТЖМ басшысы Премьер-министрге елдегі жағдайға байланысты жасаған баяндамасында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Премьер-министр Әлихан Смайылов Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың республиканың бірқатар өңірінде ауа температурасының көтерілуіне байланысты қабылданып жатқан шаралар туралы баяндамасын тыңдады, - деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.

Министрдің айтуынша, ауа райына байланысты азаматтық қорғау органдары жоғары дайындық режиміне ауыстырылды.

Үкімет басшысы ТЖМ-ге облыс әкімдіктерімен бірлесіп штаттан тыс жағдайларға, оның ішінде табиғи өртке және адамдардың судағы қауіпсіздігіне толық дайындықты қамтамасыз ету үшін қажетті күштер мен техникалық құралдарды жұмылдыруды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы