Құтқарушылар су қоймасында 3 адамды құтқарды

6 Маусым 2023, 09:40
491
Бөлісу:
Құтқарушылар су қоймасында 3 адамды құтқарды

101 телефонына Шардара су қоймасында демалушылардың қайықпен суға кетіп, қайта оралмағандығы туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына жеткенде қайықтың ақауы салдарынан 3 адамның су ортасында қалып қойғаны анықталды.

Құтқару жұмысына Түркістан облысы Жедел құтқару жасағы және полиция департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды.

Бір сағат ішінде шұғыл қызметтер авариялық-құтқару жұмыстарын аяқтап, адамдарды жағаға шығарды. Құтқарылғандардың жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болған жоқ, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы