Құтқарушылар Батыс Қазақстанда жоғалған екі адамды іздеп тапты

7 Ақпан 2024, 18:12
356
Бөлісу:
Құтқарушылар Батыс Қазақстанда жоғалған екі адамды іздеп тапты

Батыс Қазақстан облысының екі ауданында іздестіру-құтқару жұмыстары сәтті аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

6 қаңтар күні кешкі уақытта «112» пультіне Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылында 1965 жылы туған азамат жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Болжамды ақпаратқа сүйенсек, ол қой бағуға шығып, бағыттан айырылып, қайтып оралмаған. 7 қаңтарда сағат 01:12-де ол Аққайыр қыстағы маңынан табылды (өрт сөндіру бекетінен 50 км қашықтықта орналасқан).

Сондай-ақ, 6 қаңтар түні 1965 жылы туған азамат тракторда Кенашы ауылынан Қоңыр ауылына шығып, батып қалып, жаяу шығып, жоғалған. 2 сағатан соң іздестіру-құтқару жұмыстарынан кейін ер азаматты жергілікті атқарушы органдар мен тұрғылықты тұрғындардың күшімен табылды.

Екі азаматтың да жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмекке мұқтаж емес.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы БҚО ТЖД, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті халықтан 15 адам және 3 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Осыған байланысты Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарынан ауа райының өзгеруін қадағалауды, ауа райы нашарлаған кезде жолға шықпауды және автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеулер енгізуді сұрайды, - деп жазды БҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы