Құспан: Арандатушылар қоғам өкілдері мен халықты пайдаланды

14 Наурыз 2022, 13:30
1283
Бөлісу:
Құспан: Арандатушылар қоғам өкілдері мен халықты пайдаланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында адвокат Абзал Құспан айтты. 

Қоғамды мазалайтын ең маңызды сұрақтардың бірі – «Қаңтар оқиғасы» сияқты қанды қырғын қалай орын алды? Терроризм болды ма? Оны ұйымдастырушылар болды ма? - екені белгілі, сол себепті осы мәселелер бойынша қысқаша тоқталып кетейін.Барлық өңірде сол жаппай тәртіпсіздкке қатысушылармен болған кездесу нәтижесінде бәріне бірдей ортақ, мынадай белгілері бары анықталды, - деді ол. 

Адвокат оқиғалар бойынша мысал келтірді.

Жаппай тәртіпсіздіктің бір кезең, бір уақыт аралығында басталуы, арандатушы топтың болуы, олардың ортақ, бір талаптарының болуы, мысалы, барлық жерде де бейбіт митингіге шыққан көпшілікті облыс, қала әкімшілігін басып алуға үгіттеушілердің болғаны,жекелеген жағдайда, құқық қорғау органдарының уақытылы қимылдамауы, кейде мүлдем әрекетсіздік танытуы. Оңтүстік өңірлерде, бейбіт митингіге қатысушылар бұрын өздері көрмеген, танымайтын әскери тәртіпті, белгісіз адамдардың болғаны Бұл жағдайлар, әу баста бейбіт басталған митингілерді жаппай тәртіпсіздікке ұластыруға мүдделі топтардың болғаны және олардың ортталықтандырылған түрде, мақсатты жұмыс жасағанына біздің көзімізді жеткізе түсті, - деді ол. 

Адвокаттың айтуынга, қаңтар айының алғашқы күндерінде осындай әрекеттер - жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар тарапынан анық көрініс тапты, өкініштісі сол осы мақсатта олар қарапайым қоғамы өкілдерін, халықты пайдаланғаны. 

Өзгелердің жаңалығы