Құрылысқа арналған өнім өндірісінде отандық үлес 67%-ға ұлғайды

24 Шілде 2023, 22:07
631
Бөлісу:
Құрылысқа арналған өнім өндірісінде отандық үлес 67%-ға ұлғайды
Фото: ИИДМ баспасөз қызметі

Құрылыс материалдары экспортының көлемі 44%-ға артып, 100,1 млн долларға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ИИДМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, биылғы қаңтар-мамыр аралығында Қазақстанның құрылыс материалдары нарығында айтарлықтай өзгеріс байқалады.

Нарықтағы қаражат айналымы 606,6 млрд теңгеге жетіп, отандық тауар өндірушілердің үлесі 67%-ға дейін ұлғайды. Бұл 2022 жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 5%-ға көп. Осы ретте импорттық өнімнің үлесі 33%-ға дейін азайғанын айта кетейік.

Құрылысқа арналған өнім өндірісінің артуы отқа төзімді бұйымдар (+6,4% - дан 112 мың тоннаға дейін), керамикалық (отқа төзімсіз)кірпіштер (+37,6% - дан 816 мың текше метрге дейін), силикат және қож кірпіштері (+3,8% - дан 454 мың тоннаға дейін), құрылыс ерітінділері (+8,7% - дан 718% - ға дейін) сынды тауарлар ментабақ шыны (7,1 млрд теңге), цементтен, бетоннан немесе жасанды тастан жасалған плиткалар, кірпіштер және ұқсас бұйымдардың (+6,5% - дан 2,2 млн тоннаға дейін) өсіміне байланысты тіркелді.

Сондай-ақ өндіріс қарқынына құрылыс жұмыстарының ұлғаюы әсер етті. Қаңтар-мамыр айларында оның көрсеткіші 12,1%-ға асты. Бұлбірінші кезекте ғимараттар (+17,9%) мен құрылыс нысандарын (+14,7%) салу мен жөндеуге байланысты. Құрылыс-монтаж жұмыстарының ақшалай көлемдегі мәні 1 312,9 млрд теңгеге жетті. Сонымен қатар пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 15,4%-ға өсті (5 470,3 мың шаршы метр).

Айта кету керек, ОТӨ-дің серпінді жұмысықұрылыс материалдары саласындағы жалпы өндіріс көлемінің 16%-ға өсуіне әсер етіп, қаражат мөлшері 451,5 млрд теңгеге жетті. Сонымен бірге қазақстандық үлестің айтарлықтай нығаюы экспорт көлемінің 44%-ға артуына жағымды әсер еткенін атап өткен жөн.

Мәселен, Өзбекстанға (6 108,5 тоннаға дейін) және Тәжікстанға (2 396,7 тоннаға дейін) табақ шыны (8,5 мың тоннаға дейін), құбырлар, түтіктер мен құбыршектер (шланг), сондай-ақ отқа төзімді цементтер, құрылыс ерітінділері (13 тоннаға дейін мың тонна) тасымалданған.

Өзгелердің жаңалығы