Құрылыс комитеті Асхат Аймағамбетовтің ұсынысымен келіспеді

21 Қыркүйек 2023, 15:44
1357
Бөлісу:
Құрылыс комитеті Асхат Аймағамбетовтің ұсынысымен келіспеді
Фото: Артём Чурсинов - архив

Мәжіліс депутаты Аймағамбетов мектебі жоқ жерге көпқабатты үйлер салуға тыйым енгізуді ұсынған еді. Осыған қатысты Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Жүнісбеков ОКҚ-да пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін БАҚ беттерінде Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мектептердегі балалардың тапталып қалғаны жайлы проблемаға ойын айтып, әкімдік мектебі жоқ аудандарда көпқабатты үйлердің салуын азайту керегін айтқан болатын.

Осы ұсынысқа қатысты жауапты орган өкілдерінің пікірін білдік. Бақытжан Жүнісбеков депутаттың ұсынысымен келіспейтінін айтты.

Депутаттың ұсынысымен келіспеймін. Себебін түсіндіріп беремін. Егер біз әлеуметтік нысандардың аз болуына немесе жоқ болуына қатысты аймаққа тұрғын үйлерді салуға тыйым салсақ, бұл құрылысшыларға әсер етеді. Себебі әлеуметтік нысандарды мемлекет қаржыландырады. Ал нысандардың барлығы 100% қаржыландырылып жатқан жоқ. Өтінімдер түсіп жатыр, бірақ оның барлығы қанағаттандырылып жатқан жоқ. Ол екеуін қатар жүзеге асыруға болады, - деп айтты комитет өкілі брифингте.

Оның айтуынша, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап құрылыс құжаты мен оны цифрландыру мемлекеттік сараптама бойынша қалалық сараптамалық ұйымның тексеруі арқылы іске асады.

Әлеуметтік нысандардың саны сараптама арқылы жүзеге асырылады. Оның жан-жағына салынатын құрылыстарға да сараптама жүргізіледі. Бірыңғай мемлекеттік мүлік кадастры цифрлық ортаға кіріктіріледі. Бұл жұмысты қатар алып жүру керек. Ал егер кезең-кезеңімен іске асырылса, онда құрылыс қарқыны тоқтап қалады, - деп түсіндірді Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті төрағасының орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы