Құрылыс бойынша өтініш білдірген семейліктердің мәселесі шешіледі

1 Маусым 2023, 20:30
947
Бөлісу:
Құрылыс бойынша өтініш білдірген семейліктердің мәселесі шешіледі
Фото: Абай облысы әкімдігі

Құрылыс бойынша өтініш білдірген семейліктердің мәселесі шешілетін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семейдегі Шәкәрім көшесі, 86 үй тұрғындарымен кездесу барысында атап өтті.

Белсенділер өздерінің тұрғын үйінің жанындағы құрылыс жұмыстарына алаңдайды. Олардың айтуынша, болашақ көпқабатты үй жол жүру орнын жабады.

Кездесуде құрылыс салушы өкілдерімен алдын ала әңгіме өткізілді.

Түсінік бар. Әлі де сұрақтарды пысықтау қажет. Балама аумақты қарастыруға болады. Бұл (учаске) жеке меншік құқығында екенін ескеру қажет. Шешім екі тараптың да көңілінен шығатынына сендіре аламын, - деп атап өтті Нұрлан Ұранхаев.

Әзірге тұрғындардың өтініші бойынша облыстың бақылау басқармасы жоспардан тыс тексеруді ашуға бастамашы болып отыр. Тиісті хабарлама жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы