Құрылтай сайлауына 7 партия жіберілді 

Құрылтай сайлауына партияларды жіберу туралы шешім.

 ©BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 19:30
Бүгiн 2026, 19:30
182
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 1 шілдеде Құрылтай сайлауына партияларды жіберу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда сайлауға жалпы 7 партия жіберілді.

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Құрылтай депутаттарының сайлауына «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігін, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясын, «Әділет» саяси партиясын, «Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясын, Қазақстан халық партиясын, «Respublica» партиясын және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясын жіберу туралы қаулы қабылдансын, – дейді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Ал AMANAT партиясына келсек, ол «Әділет» партиясымен бірігеді. Мұны ОСК төрағасы былай түсіндірді: 

Құрметті әріптестер, Орталық сайлау комиссиясына AMANAT партиясынан Құрылтай депутаттарының сайлауына қатыспайтыны туралы ресми хат келіп түсті. Өтініш жұмысқа қабылданды, – дейді Әбдіров.

Еске салайық, бұған дейін Құрылтай сайлауына қажет 21 құжат бекітілді.

Наверх