Құрылтай сайлауы: ОСК 23 тамызға дейінгі жоспарды бекітті

Жаңа Конституцияға сәйкес, Құрылтай заң шығару билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган болып саналады

 gov.kz Бүгiн 2026, 17:29
Бүгiн 2026, 17:29
122
Фото: gov.kz

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының бірінші отырысы өтті. Жиында 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізуге қатысты негізгі ұйымдастыру шаралары қаралды.

Отырыстың қорытындысы бойынша сайлау науқанының басты кезеңдерін айқындайтын күнтізбелік жоспар бекітілді. Құжатта сайлауға дайындық жұмыстарының мерзімдері, саяси партиялардың партиялық тізімдерді ұсыну тәртібі, сайлау алдындағы үгіт-насихат кезеңі, сондай-ақ дауыс беруді ұйымдастыруға қатысты негізгі іс-шаралар қамтылады.

Фото: ОСК

Айта кетейік, Құрылтай депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген. Жаңа Конституцияға сәйкес, Құрылтай заң шығару билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган болып саналады.

Құрылтай 145 депутаттан тұрады. Олар біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша пропорционалды өкілдік жүйесі негізінде сайланады. Депутаттыққа кандидаттарды ұсыну құқығы заңда белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партияларға тиесілі.

Наверх