Құрылтай депутаты балалардың әлеуметтік желіге тіркелуін шектеуді қолдайды 

28 Тамыз 2026, 16:41
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов 28 Тамыз 2026, 16:41
28 Тамыз 2026, 16:41
81
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Құрылтай депутаты Жарқынбек Амантайұлы 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерде тіркелуіне тыйым салу туралы ұсынысты қолдады. Бұл туралы ол Құрылтайдың алғашқы отырысынан кейін журналистерге берген пікірінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат мұндай тәжірибенің дамыған елдерде бар екенін айтып, жасөспірімдердің мінезі қалыптасатын кезеңде жас шектеуін енгізуді орынды деп санайтынын жеткізді.

Қолдаймын. Бұған дейін де елімізде бұл мәселе көтерілген. Бұл – дамыған елдердің тәжірибесінде бар дүние. 16 жас деген өте дұрыс жас деп есептеймін. Сондықтан бұл мәселе заң аясында реттелуі керек болса, мен, әрине, міндетті түрде қолдайтын боламын, – деді Жарқынбек Амантайұлы.

Ол бұл мәселеге ата-ана ретінде де қарап отырғанын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Президент 16 жасқа дейін әлеуметтік желіге тіркелуге тыйым салуға қатысты бірқатар тапсырма берді

Тоқаев 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіге тіркелуге тыйым салу бастамасын қолдады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх