Тоқаев 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіге тіркелуге тыйым салу бастамасын қолдады

28 Тамыз 2026, 12:21
АВТОР
 Ақорда 28 Тамыз 2026, 12:21
28 Тамыз 2026, 12:21
235
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерге тіркелуіне заң жүзінде тыйым салу жөніндегі Үкімет бастамасын қолдады. Бұл туралы Мемлекет басшысы бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы өскелең ұрпақ үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

«Осы орайда, Үкімет 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне заң арқылы тыйым салуды ұсынып отыр. Бұл мәселеге таяуда өткен Тамыз конференциясында арнайы тоқталып өттім. Мұндай шара әлемнің көптеген елінде қабылданып жатыр. Мен мұны қолдаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент мұндай тыйымды жүзеге асыру тетіктерін алдын ала жан-жақты пысықтау қажет екенін айтты.

«Бірақ тиісті заңды қабылдасақ, оны толығымен жүзеге асыру мәселесін ойлауымыз керек, себебі, қауқарсыз заң ешкімге қажет емес.   Энергетика саласының технологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, баламалы энергия көздерін дамытуға мүмкіндік беретін заң жобаларын да тездетіп қарастыру маңызды. Сондай-ақ онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселесіне қатысты заңдарға айрықша назар аудару керек. Ақпарат кеңістігінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қосымша шаралар қабылдау қажет», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ энергетика саласының технологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуге және баламалы энергия көздерін дамытуға бағытталған заң жобаларын қарауды жеделдетуді тапсырды.

Президент онлайн-платформаларды реттеу және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі мәселесіне де жеке тоқталды. Оның айтуынша, ақпараттық кеңістікте азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қосымша шаралар қабылдау қажет. 

Айта кетейік, бұған дейін Президент 16 жасқа дейін әлеуметтік желіге тіркелуге тыйым салуға қатысты бірқатар тапсырма берді

Наверх