Конституция күні: 45 полиция қызметкері Құрмет грамотасымен марапатталды

29 Тамыз 2019, 16:21
4436
Бөлісу:
Конституция күні: 45 полиция қызметкері Құрмет грамотасымен марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінде ел Конституциясының 24 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Оған Департаменттің басшылығы мен жеке құрамы және ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты, деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айтулы шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының орындалуымен басталды. Бұдан соң, Департамент бастығы полиция полковнигі Аманжол Қабылов мерекелік басқосуға қатысқан барлық қызметкерлерді Конституция күнімен құттықтады.

«Ата Заңымыздың қағидаттары мен нормаларын ұстану, конституциялық құндылықтарды қорғау – бұл әрбір адамның азаматтық парызы және қасиетті міндеті. Бүгінгі күні көлік полицейлері жеке тұлғаны, қоғам мен мемлекетті құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғау үшін барлық күш-жігерді жұмсауда және еліміздің әрбір азаматы өзін қауіпсіз сезінуі үшін күн сайын барлық қажетті шараларды жүргізуде», - деді А. Қабылов. Сонымен қатар, ол Департаменттің жеке құрамы алдағы уақытта да өзінің қызметтік борышын абыроймен атқаратындығына сенім білдірді. «Бұл салтанатты күні баршаңызға бейбітшілік аспан, бақыт, Отан игілігі жолындағы жауапты қызметтеріңізге табыс тілеймін!», - деді еліміздің бас көлік полицейі.

Өз кезегінде ішкі істер органдарының ардагерлері де құттықтау сөзін сөйлеп, өз әріптестеріне мықты денсаулық және отбасылық бақыт тіледі.

ҚР Ішкі істер министрінің және Департамент бастығының бұйрығымен мінсіз қызметі үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеу күніне орай Департаменттің және оның желілік бөліністерінің 45 қызметкері Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы