Құрлық әскерлерде үздік батальон анықталып жатыр

18 Наурыз 2022, 14:09
1361
Бөлісу:
Құрлық әскерлерде үздік батальон анықталып жатыр
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Қарулы Күштерінде 28 ақпан мен 19 наурыз аралығында оқ ату даярлығынан «Мергендер батальоны» байқауы өтуде. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Еліміздің барлық өңіріндегі полигондарда жарысқа мотоатқыштар, танк, десанттық-шабуылдау батальондары, сондай-ақ теңіз жаяу әскерлері қатысып жатыр. 

Құрлық әскерлерде үздік батальон анықталып жатыр

Жауынгерлік сайыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскердің жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында өткізілуде.

Бөлімшелер оқ ату дағдысынан сайысқа түсіп, шеберліктерін шыңдауда. Батальондар штаттық қарудан және жауынгерлік машиналардың қару-жарағынан күндізгі және түнгі уақыттарда атыс жаттығуларын орындап жатыр. Бұл әскер жеке құрамының дайындық деңгейін, сондай-ақ құрамалар мен бөлімдердегі жауынгерлік даярлықтың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді, – деді Жауынгерлік даярлық департаментінің бастығы – Бас штаб бастығының орынбасары генерал-майор Дәулет Оспанов. 

Жарысқа қатысушылардың іс-қимылын Бас штаб комиссиясы бағалайтын болады. Сайыс қорытындысы бойынша Құрлық әскерлерінің Үздік батальоны анықталады.

Өзгелердің жаңалығы