Құрбан айт - 2023: Айт намазының кестесі жарияланды

25 Маусым 2023, 16:58
12605
Бөлісу:
Құрбан айт - 2023: Айт намазының кестесі жарияланды
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов - архив

 

Қазақстан қалалары бойынша Құрбан айт намазының кестесі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ

Биыл қасиетті мерекенің алғашқы күні 28 маусымға түсіп тұр.

Осыған орай сәрсенбі күні демалыс күні болып жарияланды.

  

Құрбан айт - 2023: Айт намазының кестесі жарияланды

Еске салайық, бұған дейін эпидемиологтар Құрбан айт қарсаңында қазақстандықтарға ескерту жасаған болатын.

Құрбан айтты мерекелеу кезінде Алматының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдері мал сою және сату пункттерінде санитариялық нормаларды сақтауды ұсынады:

мал сату мен союды ветеринариялық қызметтің рұқсаты және әрбір ауыл шаруашылығы жануарына тиіс ветеринариялық құжаттары бар орындарда жүргізу (вет.төлқұжат, ілеспе құжаттар, құлақ белгілері);

мал союдан кейін қалдықтарды уақтылы зарарсыздандыру және шығару;

жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау.

Эпидемиологтардың айтуынша, қазір қалада жедел ішек инфекциясының жағдайлары жиі тіркеліп жатыр. Осыған байланысты, қоғамдық тамақтану орындарында және мешіттерде іс-шараларды өткізу кезінде келесі ережелерге ерекше назар аудару қажет:

тамақтану объектілерінің қызметкерлерінде медициналық тексерулер мен медициналық кітапшалардың болуы;

арнайы киім киіп тамақ дайындау және дәретханаға барар алдында арнайы киімді шешу;

тамақ дайындайтын және тарататын жұмыскерлер денесінің ашық жерлерін тексеретін жауапты адамды анықтау, іріңді жаралар, қолында ұсақ жарақаттар анықталған жағдайда оларды жұмыстан шеттету;

тазалаушыларды тамақ дайындауға және ыдыс жууға жібермеу;

тамақ дайындау технологиясын сақтау;

дайын өнім үшін шикі етке арналған кесу тақталарын, пышақтарды, ыдыстарды пайдаланбау;

тез бұзылатын тағамдарды тұтынудан сақ болыңыз;

шикі өнімдер мен дайын өнімдерді бір сөреде сақтауға болмайды;

өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуы;

кездейсоқ адамдардан немесе рұқсат етілмеген сауда орындарынан азық-түлік сатып алмауға тырысыңыз.

Өзгелердің жаңалығы