Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қабылдайтын ант мәтіні өзгереді

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қабылдайтын ант мәтіні өзгереді
590

Құқық қорғау, азаматтық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет жұмыскерлерінің ант беру қағидаларына өзгеріс енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Бас прокуратураның қаулысы Ашық нормативтік-құқықтық актілер сайтында жарияланды, деп хабарлады BAQ.KZ.

Құжатқа сәйкес, енді аталған қызметтерді атқаратын азаматтар келесі мәтін бойынша ант қабылдайды:

Мен, __________ (тегі, аты, әкесінің аты) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына, мемлекеттік фельдъегерлік қызметіне қызметке кіре отырып:

- өз халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға және өзінің барлық іс-әрекеттерінде заңдылық пен әділеттілік қағидаттарын ұстануға тиіс;

- өзіме жүктелген міндеттерді адал орындауға және адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау үшін барлық күш-жігер мен білімді жұмсауға;

- моральдық тазалықтың, қарапайымдылықтың үлгісі болуға, өзінің кәсіби абыройын, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің жоғары атағын қадірлеуге;

- қызметке байланысты қиындықтарға лайықты төтеп беруге ант етемін.

- Антты бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғатынын ұғынамын.

Анттың жаңа мәтінін бекіту туралы қаулы 23 тамызға дейін ашық талқылауға шығарылған. Кейін қол қою үшін Президентке жолданады.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы