Құны 6 млрд теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

28 Наурыз 2023, 12:53
875
Бөлісу:
Құны 6 млрд теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды
Фото: caspianlife.kz

Алматыда әскери прокурорлар құны 6 млрд теңгеден асатын бұрынғы әскери госпитальдың жер учаскесін мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2014 жылы Алматы қаласының Медеу ауданындағы нарықтық құны 6 млрд. теңгеден астам, жалпы ауданы 3,8484 га жер учаскесі «Достық строй» құрылыс компаниясы» ЖШС-нің меншігіне өткен.

Алайда, бұл учаске 7 жылдан астам уақыт бойы мақсатына сай пайдаланылмағанын ескере отырып, әскери прокуратура органдары оны мәжбүрлеп алып қою туралы талап арызбен жүгінген.

Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, 24.11.2022 жылы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен әскери прокуратураның талап-арызы қанағаттандырылып, заңды күшіне енген.

Қазіргі уақытта сот актісін орындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы