Құны - 215 млрд теңге. Тоқаев Қызылордадағы жаңа ЖЭО жобасымен танысты

10 Қазан 2023, 16:38
825
Бөлісу:
Құны - 215 млрд теңге. Тоқаев Қызылордадағы жаңа ЖЭО жобасымен танысты
Фото: Ақорда

Президентке Қызылорда қаласының жаңа жылу электр орталығының жобасы таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. 

Былтыр Энергетика министрлігі түркиялық «Aksa Enerji Uretim AS» компаниясымен Қызылорда қаласында жаңа бу-газ қондырғысын орнату жөнінде келісімшартқа қол қойды. Шетелдік инвестиция есебінен салынып жатқан жаңа ЖЭО 240МВт электр қуатын және сағатына 277 жылу қуатын өндіре алады. Жобаның болжамды құны – 215 миллиард теңге, - делінген хабарламада.

Облыс әкімінің айтуынша, қазір құрылысқа дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға берілетін ЖЭО қаланың жылу және электр қажеттілігін толық қамтамасыз етіп қана қоймай, артылған электр энергиясын басқа өңірлерге сатуға мүмкіндік береді. 

Құны - 215 млрд теңге. Тоқаев Қызылордадағы жаңа ЖЭО жобасымен танысты

Қазіргі қолданыстағы жылу электр орталығы 1964 жылы салынған. Бірнеше рет күрделі жөндеу жүргізілгеніне қарамастан, стратегиялық нысанның негізгі және қосалқы қондырғыларының тозу деңгейі 90 пайызға жеткен. Сондай-ақ қаладағы ұзындығы 207,7 шақырым болатын жылу желісінің жартысына жуығы жаңартуды қажет етеді. 

Мемлекет басшысы еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін күшейту тұрғысынан бұл жобаның маңызды екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен облыс әкімдігіне жылу электр орталығын белгіленген мерзімде пайдалануға беруді тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы