Құлсарыдағы қос аққу атанған ағамыз видеоны түсіру сәтімен бөлісті

12 Сәуір 2024, 15:31
27559
Бөлісу:
Құлсарыдағы қос аққу атанған ағамыз видеоны түсіру сәтімен бөлісті
PHOTO VIDEO
Фото: Кейіпкердің жеке мұрағатынан

"Құлсарыдағы қос аққу" атанған Асқар Толыбаев видеоның қалай түсірілгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Асқар Толыбаев - Атырау облысы Ембі ауданы Құлсары қаласында дүниеге келген. Келіншегі – Амангүл Кәденова. Әлеуметтік желіде «қос аққу» болып танылған отбасының отасқанына биыл 34 жыл болыпты. Бүгінде бір ұл мен бір қыздан екі немере мен төрт жиенді тәрбиелеп отырған ата мен әже еңбекпен салған үйі суда қалғанда қынжылғанын жасырмады.

Құлсарыдағы қос аққу атанған ағамыз видеоны түсіру сәтімен бөлісті

Сондай-ақ бір күнде барлық желіге тараған видоны белгілі бір мақсатпен түсірмедім дейді ол.

Құлсарыдағы қос аққу атанған ағамыз видеоны түсіру сәтімен бөлісті

Ағамның баласы су тасқыны болғанын естіп суға киетін киім беріп, жәрдем етейін деп хабарласқан болатын. Ойымда ештеңе жоқ оның хабарламасына «Міне, үйленіп жатқанда бір көлде қатар жүзіндер деп тілек айтып еді. Сол араға 34 жыл салып қабыл болып, жеңгең екеуміз көлде жүзіп жүрміз» деп видео жіберген едім. Інім таратып жіберіп, бір күнде хит болып отырмыз,- дейді ол.

Ақкөңіл ағамыз бізбен әңгімелесу барысында да бір видео арқылы Қазақстанға танымал болып кетеміз деп ойламадық, келіншегім қуанып жүр дейді.

Кезінде келіншегіме бір күні сенің атынды шығарамын, қай кез екенін білмеймін деп айтып едім, сол күн осы уақытқа сәйкес келіпті,- дейді ағамыз.

Өзгелердің жаңалығы